Батыс Қазақстанда 26 адам бруцеллез жұқтырған

Батыс Қазақстан облысында биылғы 10 айда 26 адамның бруцеллезбен ауырғаны тіркелді. 

egemen.kz

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенованың мәлім еткеніндей, бұл көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда, 3,7-ден келеді.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жылдың осы кезеңімен (31) салыстырғанда, бруцеллез 5 дерекке азайған.

— Эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде 17 адамның жеке мал шаруашылығындағы жұмыс кезінде — малды күту, төлдету және сою барысында індет жұқтырғаны анықталды. Бруцеллез — жануарлардан, көбіне сиыр, қой-ешкі, түйе, шошқа сияқты малдан жұғатын қауіпті жұқпалы ауру, — дейді Динара Жаңабергенова.

Оның айтуынша, бруцеллездің негізгі белгілері: дене қызуының көтерілуі, буын мен бұлшық еттің ауыруы, әлсіздік, тершеңдік.

— Осы орайда алдын алу шараларын еске саламыз. Ең алдымен мал өнімдерін (сүт, ет) жақсылап пісіріп, қайнатып пайдалану керек. Шикі сүт пен одан жасалған тағамдарды ішпеу қажет. Мал туған кезде, сүт сауғанда немесе ет өңдегенде қолғап киюді ұмытпаған дұрыс. Ауру малды бөлек ұстау маңызды, оның өнімін пайдалануға болмайды. Қолды жиі және сабындап жуған абзал. Белгілер байқалса, өз бетінше емделмей, дәрігерге жүгінген жөн, — деді департамент басшысы.

inform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-10
Утром-5.84 ℃
Днем-4.29 ℃
Вечером-6.01 ℃
Ночью-5.83 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.21 м/с
2025-12-11
Утром-7.24 ℃
Днем-4.19 ℃
Вечером-4.9 ℃
Ночью-5.5 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра5.8 м/с