Мемлекеттік қызметті онлайн алатындарға қатысты ерекше жаңалық жария болды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа функцияны іске қосты.

Фото: gov4c.kz

Корпорацияның мәліметінше, енді мемлекеттік қызмет алушы азамат берген өтінімінің мәртебесін нақты уақыт режимінде көре алады.

Ол үшін қосымшадағы «ХҚКО қызметтері» немесе «Арнайы ХҚКО қызметтері» бөлімін таңдап, өтінім нөмірін енгізуі керек.

«Бұл жаңашылдық қызмет көрсету процесін барынша ашық етіп, азаматтарға өтінімнің қай сатыда тұрғанын және нәтижені қашан алуға болатынын нақты білуге мүмкіндік береді. Ең бастысы – енді өтінім мәртебесін білу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ.

Жаңа функция азаматтардың уақытын үнемдеп, мемлекеттік қызметтерге деген сенімді арттырады. Әр қолданушы өз өтінімінің қаралу кезеңін көріп, кез келген өзгеріс туралы жедел хабардар бола алады», — делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, қосымшада электронды қолхаттарды сақтау және көру мүмкіндігі іске қосылған. Бұл қолхат – өтінімнің қабылданғанын немесе қызметтің көрсетілгенін растайтын ресми құжат. Ол автоматты түрде «Тапсырыс тарихы» бөлімінде сақталады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-05
Утром-0.01 ℃
Днем1.07 ℃
Вечером0.32 ℃
Ночью0.99 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра2.18 м/с
2025-12-06
Утром0.28 ℃
Днем1.75 ℃
Вечером0.03 ℃
Ночью-0.76 ℃
Влажность75 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра2.65 м/с