Сүйінші, ағайын! Үкімет 150 мың мұғалімді қуантатын жаңалығын жариялады

Барлық педагогтер ChatGPT Edu қызметін BilimClass платформасы арқылы тегін пайдалана алады.

фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

ChatGPT әзірлеушісі OpenAI, Freedom Holding Corp. (жетекшісі – Тимур Турлов) және Қазақстан Үкіметі Вашингтонда стратегиялық келісімге қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Құжатқа сәйкес, еліміздегі 165 мың мұғалім жеке деректердің құпиялығы мен басқару тетіктері күшейтілген арнайы білім беру нұсқасы – ChatGPT Edu платформасына қол жеткізеді.

Бұл келісімнің нәтижесінде Қазақстан мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейінгі бүкіл білім беру жүйесінде ChatGPT Edu енгізетін әлемдегі алғашқы елдердің біріне айналады.

Жобаны қаржыландыруды Freedom Holding Corp. өз мойнына алады, OpenAI платформаны ұсынумен және қазақ пен орыс тіліндегі қолдаумен айналысады, ал Үкімет оның мемлекеттік және білім беру деңгейінде іске асырылуын үйлестіреді.

Барлық педагогтер ChatGPT Edu қызметін BilimClass платформасы арқылы тегін пайдалана алады.

ChatGPT Edu мұғалімдерге мынадай кеңейтілген мүмкіндіктер береді:

құжаттар мен деректер жиынтықтарын жүктеп, талдау жасау;

пәндер мен оқу тапсырмаларына арналған жеке AI-ассистенттер құру;

оқу үдерісін басқару жүйелерімен және цифрлық дерекқорлармен біріктіру;

оқу материалдарын, бағалау критерийлерін және кері байланысты құрылымдауға арналған жұмыс кеңістіктерін ұйымдастыру.

Freedom Holding қаржыландыруының арқасында сервис мұғалімдер үшін тегін қолжетімді болады. Бұл педагогтерге жасанды интеллект технологияларын кәсіби қызметінде қауіпсіз әрі тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

OpenAI — 2015 жылы Илон Маск пен Сэм Альтманның бастамасымен құрылған жасанды интеллект саласындағы жетекші компания. Ол ChatGPT чат-ботымен қатар бейне генераторы Sora мен сурет жасауға арналған DALL-E жүйесін де әзірлейді.

2025 жылдың алғашқы жартысында OpenAI-дің кірісі 4,3 млрд долларды құрап, өткен жылдағы көрсеткіштен асып түсті. Компанияның болжамынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша табыс көлемі 13 млрд долларға жетпек.

Freedom Holding Corp. — Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы ірі инвестициялық және брокерлік холдинг. Forbes Kazakhstan мәліметінше, бас директоры Тимур Турловтың дәулеті 5,8 млрд долларды құрайды (Қазақстандағы ең бай адамдардың ішінде екінші орында).

2025 қаржы жылының қорытындысы бойынша холдингтің кірісі 2,1 млрд доллар болып, 23%-ға өскен. Таза пайда — 84,5 млн доллар, ал активтер көлемі 9,9 млрд долларға жеткен.

Холдинг құрамына Freedom Bank, Freedom Broker, Freedom Insurance, Freedom Life, Freedom Travel және Freedom Ticketon сервистері кіреді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-10
Утром-5.84 ℃
Днем-4.29 ℃
Вечером-5.68 ℃
Ночью-5.87 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.21 м/с
2025-12-11
Утром-7.24 ℃
Днем-4.19 ℃
Вечером-4.9 ℃
Ночью-5.5 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра5.8 м/с