БҚО-да пробация шарттарын бұзған 68 сотталушы колонияларға жіберілді

Олардың дені тіркеуге келмей, түнгі уақытта тұрғылықты жерінен шығып кеткен.  

Фото: uzdaily.kz

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Орал қаласы прокуратурасының бастамасымен пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырыстары жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осындай сот отырыстарының бірінде жазаны өтеу тәртібін жүйелі түрде бұзған (тіркеуге келмеген, түнгі уақытта тұрғылықты жерінде бірнеше рет болмаған) және қылмыстық құқықбұзушылық жасаған есептегі тұлғаға қатысты пробация қызметінің ұсынуы қаралды.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының хабарлауынша, отырыста сот жазаны ауыстыру туралы шешім қабылдап, сотталған адам нақты мерзімін өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілді.

Биыл Орал қаласы бойынша бұрын шартты жазаға және бостандығын шектеуге сотталған 68 адам жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзғаны үшін нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-10
Утром-5.84 ℃
Днем-4.29 ℃
Вечером-5.68 ℃
Ночью-5.87 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.21 м/с
2025-12-11
Утром-7.24 ℃
Днем-4.19 ℃
Вечером-4.9 ℃
Ночью-5.5 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра5.8 м/с