Каспий теңізінің аумағы 36 мың шаршы шақырымға қысқарды

Экологтар Каспийдегі жағдайды Арал апатымен салыстырып отыр. 

Фото: Inbusiness.kz

Каспий теңізі соңғы 18 жылда 36 мың шаршы шақырымға тарылып, су деңгейі айтарлықтай төмендеді. Қазақстан аумағындағы жағалау сызығы кей жерлерде 30–35 шақырымға дейін шегінгені анықталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қазгидромет дерегінше, 2025 жылдың қыркүйегінде теңіздің орташа деңгейі 29,31 метрді құрады. Солтүстік-шығыс бөлікте – 29,15 метр, шығыс бөлікте – 29,46 метр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда тиісінше 20 және 17 сантиметр төмендеу. 2006 жылдан бері теңіз бетінің ауданы 392,3 мың шаршы шақырымнан 355,7 мыңға дейін азайған. Қазақстандық бөлікте су деңгейінің төмендеуі – 2,13 метр.

Мамандар ең осал аймақ ретінде Каспийдің солтүстік-шығыс бөлігін, Жайық атырауын және Маңғыстау жағалауын атап отыр. Су тартылғаны соншалық, Қаражанбас пен Бозашы маңындағы кейбір балық аулау орындары мүлде құрғаған. Жергілікті тұрғындар мен балықшылар теңіздің тайыздануы күнкөріске тікелей әсер етіп жатқанын айтады.

Экологтар Каспийдегі жағдайды Арал апатымен салыстырып отыр. ECOJER өкілі Әділбек Қозыбақов теңіз экожүйесі жаппай ластану, су деңгейінің төмендеуі және ресурстарды шектен тыс пайдалану салдарынан күйреп бара жатқанын ескертеді. Егер нақты шаралар қабылданбаса, Каспийдің де болашағы қатерге тігілуі мүмкін екенін айтады.

Қозыбақов «Каспий — менің теңізім» атты қоғамдық бастаманы бүкіл бес мемлекетте іске қосып, тұрғындар мен экобелсенділердің бірлескен қозғалысына айналдыруды ұсынады. Ол Каспий күнін 12 тамыздан 25 қыркүйекке көшіруді ұсынып, мәселені әлемдік деңгейде жиі көтеру қажет екенін жеткізді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-10
Утром-5.84 ℃
Днем-4.29 ℃
Вечером-6.01 ℃
Ночью-5.83 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.21 м/с
2025-12-11
Утром-7.24 ℃
Днем-4.19 ℃
Вечером-4.9 ℃
Ночью-5.5 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра5.8 м/с