БҚО-да 8 адам қаза тапқан жол апатынан аман қалғандардың жағдайы қалай

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты салдарынан жарақат алған төрт адамның жағдайы белгілі болды.

Ашық дереккөзден

БҚО денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, барлық пациент дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Ем-шаралар толық көлемде жүргізіліп жатыр.

Он үш жастағы ұл бала Ақжайық аудандық ауруханасынан облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 17 қараша күні сағат 21.40-та жеткізілді. Жабық бас-ми-жарақатына қоса оның миы шайқалған. Төбе тұсындағы жұмсақ тіндерінің жарақаты бар.

Сол мезгілде облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілген 1 жасар қыздың да жабық бас-ми жарақатымен бірге миы шайқалған. Сол жақ сан сүйегінің кіші бұдыры сынған.

Бұлардың екеуінің де жағдайы орташа ауыр.

23 жастағы әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін Ақжайық аудандық ауруханасында ота жасалып, талағы алып тасталған. Жабық бас-ми жарақатына қоса миы шайқалған. Сондай-ақ құрсақ қуысында, сол жақ шынтағының буынында және оң жақ санында жарақат бар. Жағдайы тұрақты.

24 жастағы ер адам белінің төменгі бөлігінен, сол жақ жамбас-сан буынынан жарақат алған. Науқасқа амбулаторлық ем тағайындалып, баласының қасында болу үшін облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жіберілді. Жағдайы қанағаттанарлық, — деп хабарлады ведомстводан.

inform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром13.29 ℃
Днем20.04 ℃
Вечером15.03 ℃
Ночью13.49 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.27 м/с
2026-10-15
Утром14.43 ℃
Днем21.44 ℃
Вечером16.26 ℃
Ночью13.64 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.53 м/с