Оралдықтар жолды жөндетеміз деп жүріп, өздері тұрып жатқан көшенің жоқ екенін білген

Тұрғындардың айтуынша, Самбат көшесі құжаттарда 2008 жылдан бері көрсетілген. 

Фото: Видеодан скрин

Оралда бірнеше үйдің тұрғындары өздері тұратын көшенің ресми түрде мүлде жоқ екенін енді ғана білген. Бұл жайт олар қалалық әкімдікке жолды жөндеу туралы өтінішпен жүгінген кезде анықталған. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі КТКтелеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрғындардың айтуынша, ықшам ауданның айналасы толықтай асфальтталғанымен, небәрі 200 метр жол назардан тыс қалған. Осыған байланысты олар әділетсіздікке тап болдық деп отыр.
Жергілікті тұрғын Марат Зайнуллин бұл жағдайға қатты наразы екенін жеткізді.

«Менің ойымша, бұл әкімдіктің сылтауы ғана. Алдымен жобалық-сметалық құжат жоқ деді, кейін қаржы жоқ деді. Енді соңғы ресми жауапта біздің көшелеріміз мүлде жоқ деп отыр. Бұл мені ғана емес, барлық тұрғындарды таңғалдырды әрі ашуландырды», – дейді тұрғын.

Тұрғындардың айтуынша, Самбат көшесі құжаттарда 2008 жылдан бері көрсетілген. Соған қарамастан жылдар бойы бұл аумақта адамдар батпақ кешіп жүрген. Биыл жол жөндеу жұмыстары басталғанда олар қуанып, өз көшесіне де техника келеді деп үміттенген. Алайда күздің соңына қарай жұмыстар бұл көшеге жетпегені белгілі болды. Тіпті қала әкімі өзі келіп кеткеніне қарамастан, мәселе шешілмеген.

Кейін анықталғандай, әкімдік дерегінше, бұл жерде көше емес, тек техникалық өткел ғана бар көрінеді. Ал дәл осындай параллель көшелер толықтай асфальтталып, ресми көше мәртебесіне ие.

Қала әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі автомобиль жолдары секторының меңгерушісі Альберт Бекмұхамбетовтің айтуынша, қазіргі таңда кейбір учаскелерде үнемделген қаржы бар.

«Қазір үнемделген қаражат бар, Самбат көшесі бойынша да қайта есеп жүргізіліп жатыр. Мүмкіндікке қарай бұл көшені де жөндеуге тырысамыз. Егер биыл үлгермесек, келесі жылы бүкіл ықшам ауданды, соның ішінде Самбат көшесін де толық қамту жоспарланып отыр», – деді ол.

Жергілікті тұрғындар бұл мәселе қоғамдық резонанс тудырғаннан кейін ғана қозғалды деп есептейді. Енді олар өз көшесінің ресми түрде мойындалып, жөндеу жұмыстарының нақты жүзеге асырылуын күтеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-05
Утром2.22 ℃
Днем10.54 ℃
Вечером7.66 ℃
Ночью2.99 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра5.09 м/с
2026-10-06
Утром0.36 ℃
Днем11.64 ℃
Вечером12.6 ℃
Ночью10.54 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.96 м/с