Трамптың жоспарына байланысты Зеленский украиндарға үндеу жасады

Украина президенті Владимир Зеленский Дональд Трамп ұсынып жатқан бейбіт жоспар төңірегіндегі талқылауларға байланысты видеоүндеу жасады.

Ашық дереккөзден

Оның айтуынша, қазір Украина «өз тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірін» бастан өткеріп жатыр.

Президенттің сөзінше, ел алдында өте күрделі таңдау тууы мүмкін:

— «Қазір Украина өте қиын таңдау алдында қалуы ықтимал: не қадір-қасиеттен айырылу, не басты серіктестен айырылып қалу қаупі. Не 28 күрделі тармақ, не ең ауыр қыс және одан да үлкен тәуекелдер. Бостандықсыз, қадір-қасиетсіз, әділдіксіз өмір сүру және бізге екі рет шабуыл жасаған жаққа сену», — деді Зеленский.

«Ұлттық мүдде сақталуы тиіс»

Зеленскийдің айтуынша, АҚШ әзірлеп жатқан кез келген бейбіт құжатта Украина мүддесі ескерілуі қажет. Ол Еуропа және Америкамен жұмыс «сабырлы әрі жүйелі түрде» жалғасатынын жеткізді.

— «Мен басқа да ұсыныстар беремін. Бірақ біздікілер бейбітшілікті қаламайды деген дұшпанға себеп қалдырмаймыз», — деді президент.

«Қысым күшейеді»

Украина президенті алдағы аптада елге жасалатын саяси және ақпараттық қысымның арта түсетінін ескертті.

Сондай-ақ ол украин саясаткерлеріне үндеу жасап, ел ішіндегі тартыс пен айтысты тоқтатуға шақырды:

— «Мемлекет жұмыс істеуі керек. Соғыс жағдайындағы парламент бірлікпен, ал үкімет тиімді жұмыс істеуі тиіс», — деді Зеленский.

«Біз мемлекетке опасыздық жасамаймыз»

Үндеу соңында президент ел мүддесінен ешқашан бас тартпайтынын мәлімдеді:

— «Біз Украинаға 2022 жылдың ақпанында опасыздық жасамадық, қазір де олай болмайды. Тарихымыздың ең қиын сәттерінің бірінде мен жалғыз емес екенімді білемін. Алдағы кездесулер мен келіссөздерде ар-ожданды, әділ бейбітшілікке қол жеткізу оңайырақ болады. Себебі менің артымда — Украин халқы тұр», — деді ол.

zhasalash.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.15 ℃
Днем23.27 ℃
Вечером19.97 ℃
Ночью15.18 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.06 м/с
2026-10-15
Утром14.28 ℃
Днем21.04 ℃
Вечером13.5 ℃
Ночью13.69 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.28 м/с