«Ақшаны қате аударып қойдым»: Ұлттық банк тағы да ескерту жасады

Алаяқтардың жаңа айласына байланысты Ұлттық банк үндеу жасады.  

Ашық дереккөзден

Осындай хабарлама келгенде немесе қоңырау шалғанда ақшаның қайдан келгенін тек банктің ресми мобильді қосымшасында немесе интернет-банкинг арқылы тексеру керек, деп жазады inbusiness.kz сайты.

«Көп таралған схемалардың бірі – ақша түскені туралы жалған хабарлама жіберу. Ондай кезде азаматтар банк шотына түскен ақша сомасы туралы SMS-хабарлама алады. Кейін оларға қаскөйлер қоңырау шалып, өзін ақша аударған адам ретінде таныстырады да, «қателесіп аударыппын» деген сылтаумен түскен ақшаны кері қайтаруды сұрайды. Бірақ, көбіне мұндай хабарламалар жалған болып шығады», – деп ескертеді ресми хабарламада.

Белгісіз нөмірден келген SMS-хабарламаға сақ болып, күдікті сілтемеге өтпеген дұрыс.

«Ол жағдайда қаскөйлер белгілі бір азаматтың шотына шынайы түрде ақша аударады. Кейін олар ақша аударған адам болып қоңырау шалып, «қателесіп аударғанын» айтады да, түскен ақшаны қайтаруға басқа бір үшінші тараптың шотын ұсынады. Әңгіме кезінде психологиялық қысым (мысалы, ақша баланың еміне керек екенін айтып) көрсетуі немесе құқық қорғау органдарына, болмаса, сотқа шағымданатынын айтып, қорқытуы мүмкін. Көбіне алаяқтар өзін «күш құрылымдарының» немесе «Ұлттық Банктің қызметкері» ретінде таныстырып, жеке және банк деректерін сұратады», – дейді мамандар.

Осындай оқиғаға таппай болған жағдайда үшінші тараптың шотына ақша аударудан сақ болу керек. Әуелі банкке хабарласып немесе өтініш тапсыру үшін ең жақын бөлімшесіне бару қажет.

inbusiness.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-06
Утром-1.35 ℃
Днем13.46 ℃
Вечером12.73 ℃
Ночью9.96 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.49 м/с
2026-10-07
Утром10.81 ℃
Днем16.82 ℃
Вечером16.11 ℃
Ночью13.75 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.75 м/с