Полиция таяқ ұстап жол жиегінде тұра алады

Қазір патруль жолдағы тәртіпті жүріп келе жатып бақылауға міндетті.

Ашық дереккөзден

Казақстандағы полиция 2013 жылдан бері ереже бұзғандарды тоқтап тұрып емес, жолда жүріп қадағалайды. Бұл патрульдеу тәртібі әлі өзгермеді. Дегенмен биыл 28 қарашадан бастап ІІМ қабылдаған Полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулыққа өзгеріс енеді. Осы күннен бастап тәртіп сақшылары қызметтік көлікпен, мотоциклмен немесе жаяу жүріп қана емес, арнайы машинаға арналған жерде тұрып жол ережесіне бағынбағандарды тоқтата алады.

Полиция бұрынғыдай патруль көлігін белгіленген жерге қойып, автомобиль тоқтатады. Мұндай тәжірибе он жылдан астам уақыт бұрын болған.

Нұсқаулықта полиция мынадай жағдайларда жүргізушінің көліктен түсуін талап ете алады:

  • жүргізуші мас және (немесе) қатты шаршаңқы көрінсе;
  • тінту, көлікті немесе жүктi тексеру қажет болса (куәгерлердің қатысуымен тексеру актісін толтыру және т.б.);
  • көлік агрегаттары мен тораптарының нөмірін тіркеу құжатындағы деректермен салыстыру керек болса;
  • жүргізушінің іс жүргізуге немесе басқа жол қозғалысына қатысушыларға не полицияға көмегі қажет болса;
  • көліктегі техникалық ақауды немесе жүк тасымалдау кезіндегі кемшілікті жою қажет болса;
  • жүргізуші қызметкердің жеке қауіпсіздігіне қатер төндірсе.

Өз құқығыңызды біліп жүріңіз және біреу оны бұзды деп есептесеңіз, ІІМ басшыларына шағымданыңыз.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром13.67 ℃
Днем21.14 ℃
Вечером15.03 ℃
Ночью13.49 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.27 м/с
2026-10-15
Утром14.43 ℃
Днем21.44 ℃
Вечером16.26 ℃
Ночью13.64 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.53 м/с