Елімізде педагогтерді аттестаттауға қатысты маңызды жаңалық жария болды

Ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сұрақ-жауап форматында өткен талқылауда Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова педагогтерді аттестаттау қағидаларын қайта қарау мәселесі пысықталып жатқанын мәлімдеді.

Ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде ауыл әкімдерінің тарапынан магистратура бітірген педагогтерге біліктілік санатын автоматты тағайындау жөнінде ұсыныс айтылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оған қатысты өз ойымен бөліскен министр Жұлдыз Сүлейменова аттестаттау аясында соңғы уақытта қоғамда үлкен пікірталас тудырған педагог-зерттеушілердің авторлық бағдарламасына қатысты да айтып өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев педагогтерді қорғауды және қолдауды тапсырды. Бүгінде осы бағытта «Педагог мәртебесі туралы» заңға өзгерістер енгізіліп жатыр. Министрлік педагогикалық қауымдастықтың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, ұстаздарды аттестаттау қағидаларын қайта қарау мәселесін пысықтайды. Оның ішінде ұстаздардың авторлық бағдарлама әзірлеуіне қатысты мәселе бүгінде өзекті болып отыр. Ал магистратура бітірген ұстаздарға бірден біліктілік санатын беру жөніндегі ұсынысқа мен қарсымын. Себебі, орта білім жүйесінде мұғалімнің біліктілігі оның сабақ берудегі кәсіби шеберлігінің деңгейіне қарай бағалануы тиіс, – деп атап өтті Жұлдыз Сүлейменова.

Министр кездесуде шағын жинақты мектептерді қолдау шаралары күшейтілетінін де айтты. Ауылдық елді мекендердегі білімнің сапасын жақсарту, оқу үдерісінің тиімділігін арттыру үшін шаралар қабылданады.

Бұл ретте педагог мамандарды тарту, оларға қолдау көрсету бағытында нақты бастамалар жүзеге асырылады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-09
Утром0.88 ℃
Днем13.57 ℃
Вечером11.13 ℃
Ночью8.84 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра2.47 м/с
2026-10-10
Утром6.6 ℃
Днем17.38 ℃
Вечером15.94 ℃
Ночью13.6 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.32 м/с