Каспий құбыр консорциумына шабуыл жасалды: СІМ пікір білдірді

СІМ КҚК-ның әлемдік энергетикалық жүйенің тұрақтылығын сақтауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Ашық дереккөзден

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Теңіз терминалындағы жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрліктің мәлімдеме мәтіні 30 қарашада ведомствосының Telegram-арнасында жарияланды.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Новороссийск теңіз порты акваториясында халықаралық Каспий құбыр консорциумының аса маңызды инфрақұрылымына бағытталған кезекті мақсатты шабуылға байланысты наразылық білдіреді», – делінген мәлімдемеде.

Министрлік мәліметінше, бұл оқиға халықаралық құқық нормаларымен қорғалатын азаматтық нысанға қарсы жасалған үшінші агрессиялық акті болып отыр.

«Жаһандық энергетикалық нарықтың жауапты қатысушысы ретінде Қазақстан энергия ресурстарын тұрақты әрі үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге ерекше мән береді», – деп атап өтті ведомство өкілдері.

СІМ КҚК-ның әлемдік энергетикалық жүйенің тұрақтылығын сақтауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Осы оқиғаны Қазақстан Республикасы мен Украинаның екіжақты қатынастарына залал келтіретін әрекет ретінде бағалаймыз және украин тарапы мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылдайтынын күтеміз», – делінген мәлімдемеде.

Еске салайық, 29 қарашада астана уақытымен 06:06-да Новороссийск порты ауданында КҚК-ның теңіз инфрақұрылым нысандарына экипажы жоқ жүзу құралдары арқылы шабуыл жасалды. Шабуыл нәтижесінде теңіздегі қашықтағы айлақ қондырғысы ВПУ-2 (қалқымалы тиеу құрылғысы) айтарлықтай зақымдалды. Агрегат толық жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгенге дейін істен шыққан.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-10
Утром9.48 ℃
Днем17.99 ℃
Вечером16.34 ℃
Ночью14.26 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.79 м/с
2026-10-11
Утром12.39 ℃
Днем18.33 ℃
Вечером14.13 ℃
Ночью10.2 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.68 м/с