Оқу-ағарту министрі мектептегі бірнеше пәнді бір пәнге біріктіруге қатысты пікір білдірді

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген жаңа оқу стандарты пилоттық жоба ретінде сынақтан өтуде. Оған сәйкес алгебра мен геометрияны «Математика», химия, физика, биология пәндерін «Жаратылыстану ғылымдары», ал дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін «Әлеуметтік ғылымдар» пәндеріне біріктіру көзделген болатын.

Фото: shutterstock.com

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептерде пәндерді біріктіріп оқыту жөніндегі ұсынысқа қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды министрлікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазіргі уақытта апробациядан өтіп жатқан мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы пәндерді біріктіріп оқыту жөніндегі мәселені талқылаған Жұлдыз Сүлейменова, пәндерді біріктіріп оқыту жөніндегі ұсынысты қайта қарауға әзір екенін айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес білім саласындағы ең өзекті және басты міндет – балалардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету. Пәндерді біріктіріп оқыту жөніндегі ұсыныс жан-жақты зерделеуді қажет етеді деп есептеймін. Білім жүйесі технологиялық прогреске қадам басқан кезеңде оқушылар әрбір пәнді мектепте базалық деңгейде меңгеруге тиіс, сондықтан министр ретінде мақсаттары мен тақырыптары бөлек бұл пәндердің әрқайсысын жеке пән ретінде дербес оқытуды қолдаймын», — деді оқу-ағарту министрі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген жаңа оқу стандарты пилоттық жоба ретінде сынақтан өтуде. Оған сәйкес алгебра мен геометрияны «Математика», химия, физика, биология пәндерін «Жаратылыстану ғылымдары», ал дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін «Әлеуметтік ғылымдар» пәндеріне біріктіру көзделген болатын.

«Министрлік өскелең ұрпақтың бәсекеге қабілетті болып өсуі үшін білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының талаптарына сәйкес әзірлеу, балалардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында бұл мәселеде педагогикалық қауымдастықпен және білім саласының сарапшыларымен егжей-тегжейлі зерделеу жүргізуге мүдделі», — делінген министрлік хабарламасында.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-20
Утром17.41 ℃
Днем26.39 ℃
Вечером24.16 ℃
Ночью22.33 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.39 м/с
2026-07-21
Утром18.82 ℃
Днем28.64 ℃
Вечером29.37 ℃
Ночью22.86 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра6.53 м/с