БҚО-да полицейлер танысының автокөлігін айдап кеткен мас қызды ұстады
Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Оралда полиция қызметкерлері автокөлікті ұрлау дерегін дер кезінде ашты. Шамамен сағат 05:00-де «102» қызметіне Hyundai көлігінің иесінен хабарлама түсті. Ол өзінің көлігін айдап әкеткенін хабарлаған. Анықталғандай ер адам таныс қызын түнгі клуб жанынан жолықтырып, оны үйіне апарып салуды ұсынған. Алайда қыз көлікке отырса да, иесі басқа танысымен амандасып жатқан сәтте рөлге отырып, көлікті айдап кеткен. Күдіктінің әрекетін тоқтатуға тырысқанда, қыз қашуға әрекет жасап, көлік иесінің автокөлігін зақымдап, тағы бір көлікті соққан.
Полиция қызметкерлері дереу қылмыскерді ұстады, ал ұрланған көлік иесіне қайтарылды. Медициналық тексеріс барысында қыздың орташа дәрежеде мас күйде екені анықталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Заңнамаға сәйкес оған тиісті шаралар қабылданды.
Заңнамаға сәйкес оған мың АЕК-ке дейін айыппұл салынады, 600 сағатқа дейін түзеу немесе қоғамдық жұмысқа салу немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
