Оралдан Ташкентке: тікелей рейстер наурыз айында ашылады

Centrum AIR әуекомпаниясы 29 наурызда Орал мен Ташкент арасында тікелей рейс ашады.

«ОА» мұрағатынан

Орал қаласының халықаралық әуежайы арқылы әуе рейстері жеті бағыт бойынша қатынайды.

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нариман Темірғалиевтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, соның ішінде төртеуі республикалық (Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау) және үшеуі халықаралық (Франкфурт, Фукуок, Шарм-Эль-Шейх) бағытта ұшып жүр.

Нариман Әлібекұлының сөзіне қарағанда, 2026 жылдың наурыз айында жаңадан Ташкент – Орал рейсі ашылады.

-Күні бүгін 2 желтоқсаннан билеттер сатылымы басталды. Рейстерді «Centrum» әуе компаниясы аптасына екі рет орындайды, — деді Н.Темірғалиев.

Ташкенттен Оралға рейске билеттердің құны 53 769 теңгеден басталады. Сіз оларды әуе тасымалдаушысының ресми сайтында сатып ала аласыз.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыста автобустар 4 халықаралық (Самара, Орынбор, Тольятти, Саратов) және 1 облысаралық (Атырау) бағытта жолаушылар тасымалдайды. Сондай-ақ 27 ауданаралық маршрутқа 21 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Барлық 12 аудан орталығы автобус маршруттарымен қамтылған. 

-Аудандарда такси құнының өсуіне байланысты автобустарда жолаушылар саны артып, жаңа маршруттар ашу туралы әкімдіктерден ұсыныстар түсіп жатыр. Жыл сайын 2-3 рет жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурстар өткізіледі. 2024 жылды 22 маршрутпен аяқтасақ, биыл олардың саны 27-ге жетті, — деп қосты Н.Темірғалиев.

Басқарма деректеріне сәйкес өңір арқылы теміржолмен халықаралық Алматы — Саратов, облысаралық Орал — Астана, Орал — Алматы, Орал — Маңғыстау және ауданаралық Орал — Семиглавый Мар, Орал-Шыңғырлау жолаушылар пойызы өтеді. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-18
Утром-25.05 ℃
Днем-17.4 ℃
Вечером-17.49 ℃
Ночью-16.46 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра3.22 м/с
2026-01-19
Утром-13.17 ℃
Днем-9.45 ℃
Вечером-12.27 ℃
Ночью-12.53 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.1 м/с