БҚО-да студенттер түйе сүтінен табиғи йогурт пен балмұздақ өндіруде

Жобаға патент те берілген. Енді өндіріс көлемін арттыру жоспарланып отыр.

Ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында студенттер түйе сүтінен экологиялық таза йогурт пен балмұздақ өндіруде. Жаңадан ашылған зертханада жастар шикізаттың сапасын тексеріп, ашытқыны бақылап, қоспасыз әрі консервантсыз өнім әзірлейді. Жобаға патент те берілген. Енді өндіріс көлемін арттыру жоспарланып отыр.

Зертханада толыққанды өндірістік жағдай жасалған: залалсыздандырылған бөлме, тоңазытқыш камералар және заманауи құрал-жабдықтар орнатылған. Үдерісті магистрант Сәнді Ғилман қадағалайды. Ол құрамында пробиотиктердің жоғары мөлшері бар ерекше ашытқы әзірлеуге қатысқан. Мамандардың айтуынша, мұндай микроорганизмдер өнімнің құндылығын және қауіпсіздігін арттырады.

Йогурт термостат әдісімен дайындалады. «Грек йогуртына» ұқсас болғанымен, басты айырмашылығы – түйе сүтіндегі табиғи майдың толық сақталуы.

Студенттер түйе сүтінен балмұздақ та жасап жүр. Шикізатты жергілікті фермерлер жеткізеді, ал зертханада ол мұқият тексеріледі. Балмұздақ арнайы қондырғыда өздерінің рецептімен әзірленеді. Бұл өнім де патенттелген.

Сарапшылардың айтуынша, жаңа балмұздақтың құрамында дәрумендер көп, ал қант мөлшері айтарлықтай аз.

Жақын уақытта жаңа өнім дүкен сөрелерінен орын алуы мүмкін. Қазір студенттер технологияны жетілдіріп, шикізат базасын кеңейтуді көздеуде. Өңірде түйе шаруашылығы аз болғанымен, жас ғалымдар жергілікті өндірушілермен бірлесіп, жобаны дамытуға ниетті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-18
Утром-25.05 ℃
Днем-17.4 ℃
Вечером-17.49 ℃
Ночью-16.46 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра3.22 м/с
2026-01-19
Утром-13.17 ℃
Днем-9.45 ℃
Вечером-12.27 ℃
Ночью-12.53 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.1 м/с