БҚО әкімі ОКҚ-да өткен брифингте не айтты

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдегі еттің қымбаттауы туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты жоққа шығарып, облыста сиыр еті бағасы республика бойынша ең төмен екенін мәлімдеді.

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Төреғалиевтің айтуынша, өңірде сиыр етінің орташа бағасы келісіне 3060 теңге, ал республика бойынша орташа баға 3246 теңге.

«Ең төмен баға БҚО-да. Бізде 3060 теңге, бұл төмен баға, бізден кейін Ақтөбе мен Маңғыстау облыстары тұр. Сондықтан ет қымбат деген сөздер қайдан шыққанын білмеймін», – деді әкім.

Ол сондай-ақ облыс өзін етпен толық қамтамасыз етіп қана қоймай, басқа өңірлерге де жіберетінін айтты.

«Біз Батыс Қазақстан тұрғындарын етпен толық қамтамасыз етіп отырмыз және көршілес облыстарға Шымкент, Түркістанға жөнелтеміз», – деді Төреғалиев.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңір тұрғындарының бір бөлігі көп табыс табу үшін Ресейге жұмысқа кететінін мойындады. Дегенмен, оның айтуынша, облыста жұмыссыздық мәселесі жоқ.

«Біз 23 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз еттік. Бұл ең басты міндетіміз. Бос жұмыс орындары бар, керісінше, бізде жұмыс күші жетіспейді», — деді әкім.

Өңір басшысы облыстағы жұмыс берушілердің 250–500 мың теңге аралығында жалақы ұсынатынын, Ресейде қазақстандықтарға 600-800 мың теңге көлемінде вахталық жұмыс ұсынатынын айтты.

«Әрине, бәрі көбірек табыс тапқысы келеді. Мұнда ешкімді тоқтату мүмкін емес, бұл адамның жеке таңдауы», — деді Төреғалиев.

Ulysmedia.kz коллажы

Журналистер сондай-ақ әкімнен облыстан кеткен жұмысшыларды бақылап отыра ма, олардың Ресей әскери күштері құрамында соғысқа қатысу жағдайы тіркеліп-тіркелмегенін сұрады.

«Жоқ, мұндай жағдайлар болған жоқ. Мен сіздерге айтамын. Біз бақылап отырмыз», — деді облыс басшысы.

Сондай-ақ, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірге инвестиция тарту мақсатында Чехия, Ресей, Иран, Қытай және Оңтүстік Кореяға іссапармен барып, бірқатар әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізгенін айтты.

Сол келіссөздер нәтижесінде келісімге қол жеткізілген жобалардың бірі – киік етін қайта өңдейтін ет комбинаты. Оны қытайлық Chengtian Runkang Pharmaceutical компаниясы салып жатыр. Жобаға 4 млрд теңге инвестиция салынып, 200 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Cheng Tian Run Kang Medical Limited компаниясы биотехнологияларды дамыту, денсаулық сақтау жүйесіне жаңа технологиялар енгізу, сондай-ақ биологиялық ресурстарды қайта өңдеу бағытында жұмыс істейді. Компанияның профилін ескерсек, зауыт өнімдері медициналық мақсатта қолданылуы мүмкін.

Бұдан бөлек, ирандық Persist Kazakh K&K компаниясы «Пуш Руно» былғары зауытын қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Бұл жобаға 1 млрд теңге инвестиция салынбақ.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-18
Утром-25.05 ℃
Днем-17.4 ℃
Вечером-17.49 ℃
Ночью-16.46 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра3.22 м/с
2026-01-19
Утром-13.17 ℃
Днем-9.45 ℃
Вечером-12.27 ℃
Ночью-12.53 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.1 м/с