Оралда ауыз су жаңа технологиямен тазартыла бастады

Жаңа технология әзірге Байқоныс ауылындағы сорғы стансасына енгізілді.

Ашық дереккөзден

Орал қаласындағы ірі коммуналдық мекеме ауыз суды тазартудың заманауи технологиясын қолданысқа енгізді. Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе су сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін суды микробтар мен бактериялардан тазарту үшін сұйық хлор қолданылып келген. Енді оның орнына хлор диоксиді арқылы зарарсыздандыру жүйесі іске қосылды. Бұл реагент су құбырларының ішінде жиналатын биоқабатты толық тазартуға қабілетті. Сонымен қатар судың дәмі мен иісін жақсартып, зиянды заттарды ұзақ мерзімге бейтараптандырады.

Жаңа технология әзірге Байқоныс ауылындағы сорғы стансасына енгізілді. Бұл нысан тәулігіне 30 мың текше метр су айдайды.

Станция бастығы Нарбай Мамедшарипов жаңа әдістің тиімділігі жоғары екенін айтады.

«Бұрынғы тәсілдермен салыстырғанда, бұл – тиімділігі жоғары жаңа технология. Мақсат – ауыз судың сапасын жақсарту және тұтынушыларды бактериалды, вирустық ластанудан қорғау. Хлор диоксиді судың құрамында жанама өнімдердің түзілуіне жол бермейді, дәмін өзгертпей, кең ауқымда әсер етеді», – деді ол.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-18
Утром-25.05 ℃
Днем-17.4 ℃
Вечером-17.49 ℃
Ночью-16.46 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра3.22 м/с
2026-01-19
Утром-13.17 ℃
Днем-9.45 ℃
Вечером-12.27 ℃
Ночью-12.53 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.1 м/с