БҚО-да байланыс операторларына 38,2 млн теңге айыппұл салынды
Оның ішінде Beeline компаниясына 26,4 млн теңге, Tele2/Altel операторлары 11,8 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша байланыс операторлары қызметінің сапа талаптарына сәйкес келмегені анықталды. Бұл туралы Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрғиса Камашев хабарлады.
Өңіраралық байланыс инспекциясы сапа көрсеткіштерін тексеру мақсатында 21 жоспардан тыс тексеру жүргізген. Жұмыс нәтижесінде байланыс операторларына 38,2 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Оның ішінде Beeline компаниясына 26,4 млн теңге, Tele2/Altel операторлары 11,8 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Биыл Орал және Ақсай қалалары мен 30 шалғай елді мекенде базалық станция орнатылған. Ал 225 ауылдық елді мекеннің қолданыстағы базалық станцияларын жаңарту жұмыстары жүргізілген. Айта кетейік, облыстағы 405 ауылдық елді мекеннің 62-сінде интернет желісі жоқ.
Таяуда Kcell компаниясының абоненттерді ақылы қызметтерге рұқсатсыз тіркеп келгені анықталды.
