Етті сараптамасыз сататындар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Кәсіпкерлік кодекс ветеринариялық инспекторларға жеке құрылымдарға баруға тыйым салады.

Қазақстанда ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтпеген етті сатқандарға жауапкершілікті күшейту жоспарланып отыр. Бұл туралы сенат кулуарында ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, бұл нормалар парламентте қаралатын ветеринария туралы заң жобасына енгізілуі тиіс. Бердалин қазіргі айыппұлдар заңбұзушыларды тоқтатпайтынын атап өтті.

— Адамдар мемлекет салатын үш айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлдан қорықпайды. Оларға қойылатын басқа талап жоқ. Айыппұлдық санкциялар олардың бұл әрекетті жалғастыруына кедергі келтірмейді, — деді ол.

Вице-министр заң жобасында тиісті ветеринариялық құжатсыз ет сатқандарға қатысты санкцияларды қатаңдату, тіпті қылмыстық жауапкершілік енгізу қарастырылғанын айтты. Ол Алматыда болған жақындағы жағдайды мысалға келтірді.

— Жақында біздің инспекторлар полиция қызметкерлерімен бірге базарда жұмыс жүргізді. Сонда бір азамат мөрді өзі жасап алып, тушаларға соғумен жүрген. Сондықтан мұндай әрекеттер айыппұлмен емес, қылмыстық жауапкершілікпен қаралуы керек, — деді ол.

Бердалин министрлік еттің қозғалысын қадағалау жүйесін кеңейтуді көздеп отырғанын да түсіндірді. Қазір бұл жүйе мемлекеттік мекемелерде іске қосылған, кейін мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану нысандарын да қамтитын болады.

— Біз соңғы сатып алушыға дейін көре білуіміз керек. Жүйе еттің қай қасап пунктінен шыққанын, қай мектепке жеткізілгенін, қанша килограмм әкелінгенін көрсетеді, — деді ол.

Оның айтуынша, тағы бір өзгеріс — ветеринариялық инспекторларға арнайы рәсімсіз жеке нысандарды тексеруге тыйым салатын Кәсіпкерлік кодекстің 129-бабына қатысты.

— Кәсіпкерлік кодекс ветеринариялық инспекторларға жеке құрылымдарға баруға тыйым салады. Сондықтан біз ветеринария туралы заңда бұл бапты алып тастауды ұсынып отырмыз. Адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығы кәсіпкер мүддесінен маңызды, — деді Бердалин.

Оның сөзінше, бұл түзетулер бақылауды күшейтуге және қауіпті өнімнің айналымына жол бермеуге бағытталған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.47 ℃
Днем5.53 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с