БҚО-дағы бірқатар ауылдар боран салдарынан жарықсыз қалды
Кейбір ауылдардың тұрғындары дәл қазір олардың үйлері суып кеткенін хабарлайды, өйткені газ қазандықтары да жұмысын тоқтатты.

Кеше кешке Бисен, Орда, Сайхын, Жәнібек, Казталовка ауылдарында жарық сөніп қалды.
Түнде электр энергиясы Бәйтерек ауданындағы бірқатар кенттерге, атап айтқанда Байқоныс, Володаровка және Новенькийге берілуді тоқтатты. Бұл ауылдардың тұрғындары дәл қазір олардың үйлері суып кеткенін хабарлайды, өйткені газ қазандықтары да жұмысын тоқтатты.

Жарықпен үзілістер туралы Зачаганск тұрғындары да хабарлайды.
Сондай-ақ, қатты жел мен боранның салдарынан облыстың бес ауданындағы 63 елді мекенде электр беру желілері зақымдалған. Жәнібек ауданында 12 елді мекен, Бөкей ордасы ауданында – 18 ауыл, Тасқала ауданында – 8, Казталов ауданында – 16, Бәйтерек ауданында – 9 ауыл электр қуатынсыз қалады. Орал қаласының кейбір аудандарында электрмен жабдықтау жоқ.
Авариялық бригадалар қатты желден зақымдалған электр беру желілерінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда,-деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
