“Енді, бір күнде ала аласыз”. Сүйінші! Әлеуметтік төлемдер туралы елді қуантатын жаңалық шықты

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) төлемдерді тағайындау мен қайта есептеу процесін толық автоматтандыруға бағытталған пилоттық жүйені іске қосты. Жаңа жүйе арқасында азаматтар бұрын апталап күткен әлеуметтік төлемдерін енді бір күннің ішінде ала алады.

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді цифрландыру бағыты тағы бір маңызды қадаммен толықты, деп хабарлайды Alash.kz. 
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) төлемдерді тағайындау мен қайта есептеу процесін толық автоматтандыруға бағытталған пилоттық жүйені іске қосты. Жаңа жүйе арқасында азаматтар бұрын апталап күткен әлеуметтік төлемдерін енді бір күннің ішінде ала алады.

Бұған дейін төлемдерді тағайындау кезінде мамандардың жеке тексерісі, деректерді қолмен енгізу және құжаттарды талдау сияқты адам факторы үлкен рөл атқарып келді. Бұл өз кезегінде процесті баяулатып, қызмет көрсету мерзімін ұзартып жіберетін.

Жаңа пилоттық жоба дәл осы кідірістерді жоюға бағытталған. Енді:

  • әлеуметтік төлемдерді тағайындау,
  • төлемнен бас тарту немесе төлемді тоқтату,
  • қайта есептеу,
  • төлемді қалпына келтіру

сияқты барлық шешімдер автоматты түрде қабылданады. Жүйе деректерді түрлі мемлекеттік базалардан өзі жинап, талдайды және шешімді қызметкерлердің араласуынсыз шығарады.

МӘСҚ өкілдерінің айтуынша, бұл жаңашылдық әлеуметтік қолдау шараларын айтарлықтай жеделдетеді және азаматтардың уақытын үнемдейді. Сонымен қатар, процедуралардың ашықтығы артып, адами қателік ықтималдығы төмендейді.

Жоба пилоттық режимде іске қосылғанымен, тиімділігі дәлелденсе, ел бойынша толық енгізіледі деп жоспарланып отыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-18
Утром-25.05 ℃
Днем-17.4 ℃
Вечером-17.49 ℃
Ночью-16.46 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра3.22 м/с
2026-01-19
Утром-13.17 ℃
Днем-9.45 ℃
Вечером-12.27 ℃
Ночью-12.53 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.1 м/с