Оралдан Ташкентке әуе рейсінің бағасы қанша

Билет құны Оралдан Ташкентке дейін 40 мың теңгеден, кері бағытта 55 мың теңгеден басталады.

Фото: Ашық дереккөз

Орал халықаралық әуежайы Өзбекстанның жеке әуекомпаниясы Centrum Air-мен әріптестік орнатып, Орал–Ташкент жаңа әуе бағытын іске қосады. Бұл туралы әуежай баспасөз қызметі хабарлады.

2026 жылдың 29 наурызынан бастап екі ел арасында аптасына екі рет Airbus A320 ұшады. Билет құны Оралдан Ташкентке дейін 40 мың теңгеден, кері бағытта 55 мың теңгеден басталады.

Бұл бағыт жолаушыларға Ташкент арқылы Дубай, Бали, Сеул, Доха, Ыстықкөл, Дели, Мале және басқа да танымал халықаралық бағыттарға ұшу мүмкіндігін ұсынады.

«Мереке күндерін әсерлі саяхатқа жалғау үшін әуекомпаниямен келісім жасап, қосымша екі күнге – 23 және 25 наурызға билет сатыла бастады. Біз қолжетімді күндер санын көбейтеміз, сол арқылы сіз демалу мүмкіндігіңізді арттырасыз», дейді әуежай әкімдігі. 

Әрине, Орал әуежайының бұл жаңа бағыты Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытып, халықаралық туризмді қол жетімді және ыңғайлы етері анық.

Бұған дейін Түркістаннан Өзбекстанға үш әуе бағыты ашылатыны белгілі болған еді. 1 желтоқсанда Түркістаннан Бұқарға, Үргенішке (Хиуа) және Самарқандқа қатынайтын рейстер іске қосылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Оралдан Ташкентке: тікелей рейстер наурыз айында ашылады

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-15
Утром-12.59 ℃
Днем-13.17 ℃
Вечером-14.85 ℃
Ночью-17.01 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра7.92 м/с
2026-01-16
Утром-15.45 ℃
Днем-12.67 ℃
Вечером-13.14 ℃
Ночью-14.44 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.75 м/с