БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды
Батыс Қазақстан облысында 13-14 желтоқсандағы боран кезінде жоғалып кеткен адамдарды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бүгін Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округінің орталығы Жасқайрат ауылы маңында 57 жастағы ер адамның денесі табылды.
Сондай-ақ, Бөкей ордасы ауданында 25 жастағы, Казталовта 35-тегі ер адамның қаза тапқаны белгілі болды.
Марқұмдар үсіп кеткен.
Ақжайық ауданында 54 жастағы ер адам тірі табылды. Оның аяқ-қолы үсіген, Орал қаласына жеткізіледі.
— Қазіргі таңда Жәнібек ауданында 59 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған ТЖ, әскери бөлім, полиция және жергілікті атқарушы органдардан 48 адам, 8 техника жұмылдырылған, — деп хабарлады ведомстводан.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО-да қарлы бораннан көптеген автокөліктер жолда тұрып қалған
БҚО-дағы бірқатар ауылдар боран салдарынан жарықсыз қалды
Қатты боран мен жел: ғимараттардың шатыры ұшып, су мұнарасы құлады, 51 мектеп қашықтан оқуға көшті
БҚО-ның екі тұрғыны боранда қаза тапты. Полиция тағы екі жоғалған адамды іздеуде
