БҚО-ның екі тұрғыны боранда қаза тапты. Полиция тағы екі жоғалған адамды іздеуде

Құтқарушылар қырағы болуды, ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты қадағалауды, үйден шыққан кезде термометрге қарауды немесе қоршаған табиғатты бақылауды сұрайды.

gov.kz

Бүгін 58 жастағы Сырым Өтешовтың денесі бір сағат бұрын табылды. Ол Жәнібек ауылынан бірнеше шақырым жерде далада қатып қалған.

Сырым және тағы бір шопан 13 желтоқсан сенбіде жоғалған малды іздеуге аттанды. Екінші қойшыны іздеу жалғасуда.

Жексенбіде Бөкей ордасы ауданы Сайхын ауылының тұрғыны өлі табылды.

Казталов ауданында 25 жастағы жергілікті тұрғынды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Ол да 13 желтоқсан кешінде басталған боранда жоғалып кетті.

   Қыста жолға шығар алдында:

  1. Мұқият ауа райы болжамын зерделеңіз;
  2. Қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз. Ақпаратты «Қазавтожол» ҰК сайтында толығымен жабық учаскелердің картасын көруге болады. Не болмаса бірыңғай телефон нөмірі 1403 немесе құтқару қызметінің «112» телефон нөмірі, сондай-ақ «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады.

«112» қызметінен ресми дауылды ескерту алған жағдайда елді мекендерден және жолға шығудан бас тарта тұру қажет.

Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын орындауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райында ұзақ сапарларға шықпауға шақырады. Ауылдық жерлерде тұратындарға ауа райы нашарлаған кезде ұзақ жаяу серуендеуден аулақ болу ұсынылады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-15
Утром12.17 ℃
Днем21.83 ℃
Вечером17.39 ℃
Ночью14.15 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра9.02 м/с
2026-04-16
Утром6.11 ℃
Днем10.84 ℃
Вечером12.27 ℃
Ночью8.57 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.46 м/с