Құдыққа кетіп, оралмаған: БҚО-да жоғалған ер адам үйінен 30 шақырым жерден табылды

Ер адам бастапқы іздеу аймағынан 30 шақырым қашықтықта, Ақжайық ауданына қарасты «Бахас» қыстауынан табылды.

Ашық дереккөзден

2025 жылғы 16 желтоқсанда таңертең БҚО ТЖД-ның 112 пультіне полициядан Жаңақала ауданында 1971 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол 15 желтоқсанда мал суару үшін елді мекеннен шамамен 5 шақырым қашықтықта орналасқан құдыққа қарай шығып, оралмаған. Өзімен бірге ұялы телефон болмаған.

Іздеу жұмыстарына БҚО ТЖД күштері, ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің 2-құтқару батальоны, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және жергілікті тұрғындар тартылды.

БҚО ТЖД

Іздеу жұмыстары үздіксіз жүргізілді. Сонымен қатар әуеден барлау жүргізу үшін ҚР ТЖМ «Қазәуеқұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы жедел түрде жұмылдырылды.

«Іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижесінде ер адам бастапқы іздеу аймағынан 30 шақырым қашықтықта, Ақжайық ауданына қарасты «Бахас» қыстауынан табылды», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Жағдайы қанағаттанарлық. Оған медициналық көмек қажет болмады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-18
Утром-25.05 ℃
Днем-17.4 ℃
Вечером-18.01 ℃
Ночью-16.77 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра3.22 м/с
2026-01-19
Утром-13.17 ℃
Днем-9.45 ℃
Вечером-12.27 ℃
Ночью-12.53 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.1 м/с