Астанада ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов ұсталды

Ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев пен бас редакторы Амир Қасенов миллиардер Тимур Турлов басқаратын Freedom Finance компаниясының арызы бойынша күдіктілер деп танылған еді.

Астанада ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әмір Қасеновтың ұсталғаны туралы басылымның бас директоры Әсет Матаев өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.

«Жаңа ғана адвокаттары ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасеновтің ұсталғанын хабарлады. Ол сағат 19:00-де Астананың Есіл аудандық полиция бөліміне тергеу әрекеттеріне шақырған болатын. Мұны құқық қорғау органдары мен тапсырыс берушілер тарапынан жасалған құқықтық бассыздық деп санаймын. Егер Қазақстанда әділдік бар болса, Әмірге тағылған барлық айыптар алынып, ол босатылуы тиіс», – деп жазды Әсет Матаев.

Еске салсақ, осыған дейін ҚазТАГ басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазғанбыз. Ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев пен бас редакторы Амир Қасенов миллиардер Тимур Турлов басқаратын Freedom Finance компаниясының арызы бойынша күдіктілер деп танылған еді.

Қылмыстық іс жалған ақпарат тарату бойынша қозғалған. Әсет Матаевтың адвокаты Рена Керимова Қасенов пен Матаевты рәсімдік талаптарсыз күдікті деп тану өрескел қате екенін айтқан.

Ал Freedom Holding Corp. адвокаты Александр Камендровский арызды Тимур Турлов емес, “Фридом Финанс” компаниясы түсіргенін мәлімдеді. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-07
Утром3.05 ℃
Днем4.92 ℃
Вечером4.23 ℃
Ночью1.91 ℃
Влажность90 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра4.55 м/с
2026-11-08
Утром2.16 ℃
Днем2.55 ℃
Вечером0.17 ℃
Ночью-2.19 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра3.31 м/с