Қазақстан Тәжікстан мен Өзбекстанды «құтқаруы» мүмкін

Қазақстан газбен қамтамасыз ету мәселесінде аймақтық лидер бола алады. Алайда ол үшін алдымен ел ішіндегі газ саласын реформалау қажет.

Сурет: БАҚ

Қазақстан аймақтағы отын тапшылығы мәселесін шешуде өңірлік көшбасшыға айнала алады. Алайда бұл үшін елдің өз ішінде бірқатар реформалар жүргізілуі қажет, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аймақтағы отын тапшылығы

Мұнай-газ саласының сарапшысы Асқар Исмаилов Тәжікстанда жанар-жағармай мен энергия ресурстары бойынша жағдайдың өте күрделі екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, елде газ, бензин және электр энергиясының қатты тапшылығы байқалып отыр.

Сарапшының дерегінше, Өзбекстанда да отынмен қамтамасыз ету мәселесі ушығып тұр.

Қазақстанға артылған үміт

Асқар Исмаиловтың пікірінше, Қазақстан газбен қамтамасыз ету мәселесінде аймақтық лидер бола алады. Алайда ол үшін алдымен ел ішіндегі газ саласын реформалау қажет.

— Қазақстан газ мәселесін шешуде көшбасшы рөлін атқара алар еді. Бірақ ол үшін алдымен өзімізде газ саласына реформа жасау керек. Жыл сайын 30 млрд текше метр газды жер қойнауына қайта айдау – ысырап. Егер көзқарасты өзгертпесек, бұл көлем алдағы уақытта ұлғая береді, – деп жазды ол Telegram-арнасында.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін қытайлықтар Қазақстанның басты кен орнынан газ айдай бастайтыны хабарланған болатын. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-07
Утром3.47 ℃
Днем4.6 ℃
Вечером4.23 ℃
Ночью1.91 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра4.55 м/с
2026-11-08
Утром2.16 ℃
Днем2.55 ℃
Вечером0.17 ℃
Ночью-2.19 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра3.31 м/с