Қазақстанның батысында ауа райының қолайсыздығынан бірқатар тас жол жабылды

Батыс Қазақстан облысында да қолайсыз ауа райы салдарынан автокөлік жолдары жабылды.

Сурет: БАҚ

Еліміздегі кейбір жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар тас жолдар жабылды.

Батыс Қазақстан облысы

Сағат 13:00-ден бастап жүк және қоғамдық көліктер үшін Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы автожолының 189–492 шақырым аралығы (Атырау облысының шекарасы – Орал) жабылды. Жол шамамен 29 желтоқсан сағат 00:00-де ашылады.

Сағат 13:30-дан бастап жүк және қоғамдық көліктер үшін Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы автожолының 273–526 шақырым аралығы (Барбастау – Ақтөбе облысының шекарасы) жабылды. Ашылу уақыты — 29 желтоқсан сағат 00:00 шамасында.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Оралда 29 желтоқсанда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады деп болжанады.

Атырау облысы

Сағат 11:40-тан бастап автокөліктің барлық түрі үшін Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай – Үтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау автожолының 3–210 шақырым аралығы (Доссор – Маңғыстау облысының шекарасы) жабылды. Жол шамамен 28 желтоқсан күні сағат 18:00 шамасында ашылады. 

Сағат 13:00-ден бастап жүк және қоғамдық көліктер үшін Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы автожолының 179–189 шақырым аралығында (Индер – БҚО шекарасы) қозғалысқа шектеу енгізілді. Жол шамамен 29 желтоқсан сағат 00:00-де ашылады.

Маңғыстау облысы

Сағат 11:40-тан бастап автокөліктің барлық түрі үшін Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай – Үтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау автожолының 210–332 шақырым аралығы (Атырау облысының шекарасы – Бейнеу) жабылды. Ашылу уақыты — 28 желтоқсан сағат 18:00 шамасында.

Ақтөбе облысы

Сағат 13:30-дан бастап жүк және қоғамдық көліктер үшін Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы автожолының 526–610 шақырым аралығы (Батыс Қазақстан облысының шекарасы – Қобда) жабылды. Жол шамамен 29 желтоқсан сағат 00:00-де ашылады.

Тәулік бойы қосымша ақпарат алу үшін 1403 call-орталығына хабарласуға болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-18
Утром17.22 ℃
Днем28.78 ℃
Вечером28.54 ℃
Ночью22.72 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра9.36 м/с
2026-05-19
Утром19.51 ℃
Днем28.76 ℃
Вечером27.17 ℃
Ночью21.92 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра10.68 м/с