«Бұл-қастандық»: «Бүкіл мұғалімнің дипломы тексерілсін» дейді қоғам белсендісі

Дипломды тексеру – мұғалімді қорлау емес. Бұл – мемлекет алдындағы, ата-ана алдындағы, бала алдындағы жауапкершілік. 

фото: Halyq Uni

Біздегі білім саласында ең өзекті мәселенің бірі мұғалімдердің дипломдарынадеген күдік екені жасырын емес. «Дипломын оқымай сатып алған»дейтін сөзтіркесінің күнделікті қолданысқа кірігіп кеткені сондай, қазір декретте отырған кей әйелдер бір мектепті басқарып, педагог болып шыға келетін жайттар аз кездеспейді. Осы мәселеге байланысты қоғам белсендісі сөз қозғап, ұсыныс айтты деп жазады Democrat.kz. 

«Диплом сатып алған мұғалім — ұрланған болашақ. Мұғалімнің дипломын тексеру – қажеттілік, күдік емес.

Білім сапасы ең алдымен мұғалімнің білімі мен адалдығына тіреледі. Ал білімі күмәнді, дипломы қолдан жасалған ұстаз – бір ғана мектептің емес, тұтас ұрпақтың болашағына қауіп.

Дипломды тексеру – мұғалімді қорлау емес. Бұл – мемлекет алдындағы, ата-ана алдындағы, бала алдындағы жауапкершілік. Егер дәрігердің дипломын тексеру қалыпты болса, егер судьяның, инженердің құжаты қатаң сүзгіден өтсе, онда адам тәрбиелейтін, сананы қалыптастыратын мұғалімнің дипломы неге тексерілмейді?

Жалған дипломмен жұмыс істеу – заң бұзушылық, кәсіби сатқындық, ең сорақысы ұрпаққа жасалған қиянат. Шынайы, адал, білімді мұғалім тексеруден қорықпайды. Қорқатындар – жасыратыны барлар. Білім беру саласында тазалық болмаса, нәтиже де болмайды.

Сондықтан мұғалім дипломын жүйелі түрде тексеру – уақыт талабы.

Ұстаз мәртебесін көтереміз десек, алдымен жалған ұстаздардан арылуымыз керек.

Мұғалім — ұлттың ар-ұяты, ертеңгі күннің сәулетшісі дейміз. Ал сол қасиетті мамандыққа ақша беріп диплом алған адам келсе ше?..

Ол тақтаға тек формула емес, ол сыныпқа тек тақырып емес, ол балалардың санасына өтірік пен жеңіл жолды үйретеді.

Білімді емес — қағазды ұстап тұрған мұғалім шәкіртті өсірмейді, ол тек жүйені іштен ірітіп, қоғамды алдап тұрғанын сезбейді… не сезгісі келмейді.

Бүгін диплом сатып алынды, ертең әділдік сатылады, ал ар-ұяттың бағасы мүлде болмай қалады. Мәселе бір адамда емес. Мәселе — білімді тауарға айналдырған жүйеде. Сол жүйеге көз жұма қарағанымызда.

 Балаға білім беретін адам ең алдымен адал болуы керек.

Өйткені ұстаздың өтірігі — бір ұрпақтың трагедиясы»дейді Мадина Жұбаныс. 

Осыған қатыстыжұрттың басым көбі «мұғалімдердің дипломдары тексерілуі керек», «ешбір жерде оқымай, дипломды сатып алып, бюджетен айлық алып жүрген мұғалім аз емес»дегенге саятын пікір жазуда. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-18
Утром17.07 ℃
Днем28.76 ℃
Вечером28.83 ℃
Ночью23.33 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра9.89 м/с
2026-05-19
Утром19.76 ℃
Днем28.39 ℃
Вечером27.63 ℃
Ночью21.3 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра10.12 м/с