Енді мектеп директорлары 7 жылдан аса басшылық қызметте отыра алады

Өйткені, оларды ротациялау ережесі өзгеріп, қызмет мерзімі 10 жылға дейін ұзартылмақ.  

Фото: kazpravda.kz

Мұндай өзгеріс туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев айтып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Орталық коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте ол мәселенің жай-жапсарын жіті түсіндірді.

– Бізде ротация туралы арнайы бұйрық бар. Сол бұйрық бойынша, ротация бір елді мекеннің көлемінде ғана жүзеге асырылады. 7 жыл басшылық қызметте болған адам міндетті түрде ротацияға жатады. Бірақ бір елді мекенде бір немесе екі мектеп ғана болуы мүмкін. Ондай жағдайда басшылар бір-бірінің орнына отырып ротация жасай алады. Себебі, басқа елді мекенге ротацияланатын болса, оның барып-келу шығындарын, тұрғын үй шығындарын бюджет көтеру керек. Жергілікті бюджетте ондай шығын қаралмағандықтан, ротация мүмкін болмай жатады. Соның салдарынан 10 жылдан астам уақыт бойы басшы болған адамдардың кейсін көріп отырмыз, – деді ол.

Сол себепті, министрлік қазіргі уақытта ротация ережесіне өзгеріс енгізуге дайындалып жатыр.

– Мектеп басшылары екі рет 5-5 жылдан, яғни, толыққанды 10 жыл бір мектепте директор бола алады. Одан кейін ротация жасай алмайды. Қызметін ауыстыруы керек. Осындай өзгеріс енгізіледі, – деп нақтылады Қаныбек Жұмашев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-18
Утром17.22 ℃
Днем28.78 ℃
Вечером28.54 ℃
Ночью22.72 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра9.36 м/с
2026-05-19
Утром19.51 ℃
Днем28.76 ℃
Вечером27.17 ℃
Ночью21.92 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра10.68 м/с