Назарбаев пен Путин тағы да кездесті

Кремльде өткен кездесудің мазмұны мен талқыланған мәселелер әзірге жарияланған жоқ. Дегенмен бұл жүздесу Назарбаевтың ұзақ уақыттан бері көзге түспей жүруінен кейін қоғам назарын ерекше аудартты.

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Саяси тұлғалардың кезекті басқосуы Мәскеудегі Кремль сарайында өтті.

Ресей басшысының баспасөз қызметі жариялаған бейнежазбада қос саясаткердің дөңгелек үстел басында жайғасқаны көрсетілген. Ресми хабарламада кездесудің нақты күн тәртібі мен талқыланған мәселелер туралы кеңінен ақпарат берілмеген. Хабарламада тек жүздескені жайлы жазылған.

“Мұндай дастарқан басындағы кездесу – үлкен сенім мен өте жақсы қарым-қатынастың белгісі. Бұған дейін мұндай құрметке ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен Беларусь президенті Александр Лукашенко ие болған”,  – деп жазды ТАСС.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге тұрақты түрде барып тұрады. Ресми мәліметке сәйкес, тараптар соңғы рет 2025 жылғы 29 мамырда жүздескен. Ал экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көпшілік алдына соңғы рет шығуы биылғы жылдың маусым айында елордадағы мешіттердің бірінде болған еді.

Кремльде өткен кездесудің мазмұны мен талқыланған мәселелер әзірге жарияланған жоқ. Дегенмен бұл жүздесу Назарбаевтың ұзақ уақыттан бері көзге түспей жүруінен кейін қоғам назарын ерекше аудартты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-18
Утром17.22 ℃
Днем28.78 ℃
Вечером28.54 ℃
Ночью22.72 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра9.36 м/с
2026-05-19
Утром19.51 ℃
Днем28.76 ℃
Вечером27.17 ℃
Ночью21.92 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра10.68 м/с