Оралда перзентхана қызметкерінің өлімі: төрт жылдан кейін үкім шығарылды

Оралдағы перзентхана лифтісінде көз жұмған әйелдің өліміне қатысты сот үкімі шықты. 4 жылға созылған даудан кейін қайғылы оқиғаға кінәлі деп айыпталған перзентхананың бұрынғы басшысы ақталды.

Көрнекі сурет

Сот материалдарынан белгілі болғандай, 50 жастағы азаматша перинаталдық орталықта лифтші болып жұмыс істеген. 31 желтоқсанда ақау шыққан жеделсатыға денесі қыстырылып, көз жұмыпты.

Сот кезінде лифтінің 1981 жылдан бері қолданылып, әбден тозығы жеткені анықталды. Осыдан кейін ескі қондырғыны тоқтатпаған мекеме басшысына өз міндетіне салғырттықпен қарады деген айып тағылды. Дегенмен сот оның кінәсіз екенін мойындады.

«Қылмыстық процессуалдық кодекстің оныншы бабына сүйене отырып, Орал қалалық соты Дильманова Жаннаны кінәсіз деп таныды. Сот оның әрекетінде қылмыс құрамы жоқ екенін анықтады. Жәбірленуші тараптың 15 миллион теңге өтемақы беру туралы талабы қанағаттандырылмайды», — дейді қалалық сот судьясы Айзада Жұмағұлова.

Қорғаушы тергеу кезінде заң бұзылғанын айтады. Өйткені лифті басқа мекемеге тиесілі әрі оның жарамдылығын тексеру директордың міндетіне кірмейді. Сондықтан бұл өлімге оның қатысы жоқ.

«Қылмыс субъектісі жоқ болғандықтан, ақталып отыр. 4 жыл осыны мен жаздым. 4 жыл заңбұзушылыққа мән берген жоқ. Бұл жерде қазір қылмыстың мерзімі ескіруіне байланысты ЖШС жауапқа тартылмай, соның салдарынан қазіргі таңда жәбірленушінің өзі қылмыстық жауапкершілікке біреуді тарту құқығынан айрылып отыр», — дейді қорғаушы Тамара Сәрсенова.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Орал қаласының перинаталдық орталығында қаза тапқан қызметкерге қатысты сот ісі өтуде

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-06
Утром-1.35 ℃
Днем12.21 ℃
Вечером9.18 ℃
Ночью9.96 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.49 м/с
2026-10-07
Утром10.81 ℃
Днем16.82 ℃
Вечером16.11 ℃
Ночью13.75 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.75 м/с