Оралдағы кәріз-тазарту құрылыстарын жөндеуге ресейлік компания көмектеседі
Оралда су құбыры желілері 60 пайызға тозған, бұл шамамен 250 шақырым желі. Кәсіпорынның балансында барлығы 477 шақырым су құбыры бар.

Оралдағы кәріз-тазарту құрылыстарын ресейлік компания жөндеуге көмектеседі. Бұл жұмыстарға Меморандум БҚО әкімдігінде жасалды.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Батыс Су арнасы» ЖШС мен «Красная звезда»ЖШС ресейлік компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
«Құжат өңірдің коммуналдық инфрақұрылымын дамытуға және жаңғыртуға бағытталған және мемлекеттік-жекешелік әріптестік форматын қоса алғанда, жобаны іске асырудың ықтимал тетіктерін пысықтауды көздейді»,-деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының әкімдігі.
Тараптар ресейлік компания Орал кәріз-тазарту құрылыстарын жөндеуге көмектеседі деп келісті.
«Кәріз-тазарту құрылыстарын қайта жаңарту су бұру жүйесінің сенімділігін арттыруға және қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», — делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.
Екі апта бұрын Орал су арнасы — су және кәріз желілері испан компаниясына берілгісі келетіні белгілі болды. Бұл ретте, Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарлауынша, Испаниядан келген Aqualia сегіз шақырым жерде су құбыры желілері мен кәріз жүйелерін жаңғыртумен және 45 кәріз тазарту құрылыстарын жөндеумен айналысады.
