Қытай АҚШ-қа санкция салды

Санкция шаралары АҚШ-тың әскери-өнеркәсіп кешеніне қатысты 20 компанияға және қорғаныс саласындағы 10 ірі корпорацияның топ-менеджерлеріне қолданылған. 

Фото: ВВС

Қытай Тайваньға қару-жарақ сатқаны үшін АҚШ-қа санкция енгізді. Қытайдың сыртқы істер министрлігі бұл шешімді АҚШ-тың Тайваньға қару жеткізуі «Қытайдың егемендігі мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіреді» деп түсіндірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Мән-жай

Санкция шаралары АҚШ-тың әскери-өнеркәсіп кешеніне қатысты 20 компанияға және қорғаныс саласындағы 10 ірі корпорацияның топ-менеджерлеріне қолданылған. Санкциялар активтерді бұғаттауды, сондай-ақ тізімге енгізілген ұйымдар мен жеке тұлғалармен кез келген әріптестікке тыйым салуды көздейді. Сонымен қатар, аталған тұлғаларға Қытай аумағына кіруге шектеу қойылаған.

Санкциялар 26 желтоқсаннан бастап күшіне енді.

Контекст

Бұған дейін, АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Тайваньға жалпы құны 11,1 млрд долларды құрайтын қару-жарақ сату пакетін мақұлдаған. Бұл рекордтық көрсеткіш. Пакетке HIMARS зымыран жүйелері, Javelin танкіге қарсы зымырандары, Altius ұшқышсыз аппараттары, гаубицалар және өзге де әскери техника кіреді.

Қытай сыртқы істер министрлігі бұл шешімді қатаң сынға алды. Ведомство өкілдерінің айтуынша, мұндай қадам Қытай мен АҚШ арасындағы дипломатиялық келісімдерге қайшы келеді, Қытайдың егемендігі мен қауіпсіздігіне, аумақтық тұтастығына нұқсан келтіреді әрі өңірдегі тұрақтылыққа кері әсер етеді.

Тайвань дауы

Қытай Тайваньды өзінің құрамдас бөлігі деп санайды және қажет болған жағдайда аралға бақылау орнату үшін күш қолдануға дайын екенін бірнеше рет мәлімдеген. Ал Тайвань халқының басым бөлігі аралдың де-факто тәуелсіздігін қолдап, оның демократиялық мәртебесінің сақталғанын қалайды. Тайвань төңірегінде ықтимал әскери қақтығыс туындаған жағдайда, өңірлік коалиция құрамындағы АҚШ-тың оған араласу мүмкіндігі бар.АҚШ заңнамасына сәйкес, Тайваньға төнген кез келген қауіп «ерекше маңызды мәселе» ретінде қарастырылады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-18
Утром17.34 ℃
Днем28.78 ℃
Вечером28.54 ℃
Ночью22.72 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра9.36 м/с
2026-05-19
Утром19.51 ℃
Днем28.76 ℃
Вечером27.17 ℃
Ночью21.92 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра10.68 м/с