БҚО-да мұз астына кеткен жүк көлігі судан шығарылды
Жүргізуші дер кезінде көліктен шығып үлгерген екен.

Батыс Қазақстан облысы Октябрьское ауылында Шаған өзенінен өту кезінде жүк көлігі мұз астына түсіп кетті. Оқиға туралы хабарлама 112 пультіне келіп түсті, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Жүргізуші дер кезінде көліктен шығып үлгерген. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары сүңгуірлер тобының көмегімен арқан бекітіп, жүк көлігін судан шығарды.

Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ азаматтарды жабдықталмаған өткелдер арқылы мұзға шықпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
