Енді ешкімге онлайн несие берілмейді, міндетті түрде банкке бару керек

Қазір кез келген банк қызметкері азаматқа ескертпей-ақ оның мәліметтеріне қол жеткізе алады. 

Сурет: БАҚ

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов банктер туралы заң жобасына бірқатар маңызды өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұдан былай банктер онлайн форматта несие бере алмайды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Депутаттың сөзінше, бұл өзгерістер Мәжілістің биылғы соңғы отырысында өзі және әріптесі Бақытжан Базарбек ұсынған түзетулердің толық сақталуымен қабылданған.

«Біз бұл нормалардың өзгеріссіз қалғанын қадағалап отырдық. Егер біреу оны бұрмалауға тырысса, бейжай қалмаймыз. Бұрын банктер несиеге шектеусіз жол ашып қойған еді. Енді онлайн кредит мүлде берілмейді. Азамат банкке өзі баруы керек, жеке қол қоюы тиіс және жалақысы туралы нақты мәлімет ұсынуы қажет. Бұл талаптар орындалмаса, несие беруге тыйым салынады», – деді Мұрат Әбенов.

Оның айтуынша, пандемия кезінде банктер электронды үкімет жүйесіне қол жеткізіп, азаматтардың жеке деректерін кең көлемде пайдалана бастаған. Мәселен, кейбір банктер қосымшалары арқылы клиенттердің құжаттарын олардың рұқсатынсыз көре алған.

«Қазір кез келген банк қызметкері азаматқа ескертпей-ақ оның мәліметтеріне қол жеткізе алады. Сондықтан біз заңға өзгеріс енгіздік: барлық тексеру тек Ұлттық банк арқылы өтуі керек. Жеке банктердің eGov жүйесіне тікелей кіру құқығы болмауы тиіс. Олар жеке компания, ал деректердің қалай қолданылатынына кепіл жоқ», – деді депутат.

Сондай-ақ жаңа талаптарға сәйкес, банктер антифрод жүйесі немесе биометриялық сәйкестендіруден дұрыс өтпей рәсімделген несиелерді жоюға міндетті болады. Бұған қоса, егер клиент сотқа жүгінсе, банк 10 күн ішінде несие қандай құжаттар негізінде берілгенін, биометрия қалай рәсімделгенін толық көрсетуге тиіс.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-14
Утром14.82 ℃
Днем16.54 ℃
Вечером16.53 ℃
Ночью11.99 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра6.99 м/с
2026-04-15
Утром11.78 ℃
Днем21.38 ℃
Вечером20.6 ℃
Ночью12.56 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.88 м/с