Жайық Шарабасов ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жайық Серікқалиұлы Шарабасов ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Жайық Шарабасов 1980 жылы Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында дүниеге келген. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын және Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген

Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымда бастаған.

2004–2006 жылдары — Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат департаментінің әртүрлі бөлімдерінде бас маманның міндетін атқарушы, бас маман лауазымдарын атқарды.

2006 жылдан 2010 жылға дейін — ҚР Әділет министрлігі Дін істері комитетінің Талдау және ақпараттық-насихаттау жұмысы бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, бас маманы.

2010–2012 жылдары Дін істері комитеті, Діни бірлестіктермен жұмыс басқармасының 1-санаттағы сарапшысы болып жұмыс істеді.

2012 жылы — ҚР Дін істері агенттігінің Діни бірлестіктермен байланыс басқармасының бас сарапшысы.

2012–2013 жылдары — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінде, кейінірек ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бас сарапшы.

2013–2014 жылдары — ҚР Өңірлік даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік, мобилизациялық жұмыс және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы.

2014–2016 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңіраралық ынтымақтастық, талдау және өңірлерді бағалау департаменті директорының орынбасары.

2016–2017 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік саясат, талдау және өңірлерді бағалау департаменті директорының орынбасары, кейін директоры.

2017–2019 жылдары — Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2019 жылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2019–2023 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-14
Утром14.82 ℃
Днем16.54 ℃
Вечером15.79 ℃
Ночью12.89 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра6.99 м/с
2026-04-15
Утром11.78 ℃
Днем21.38 ℃
Вечером20.6 ℃
Ночью12.56 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.88 м/с