Қазақстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесті деген күдікке қайта ілікті

Бұған дейін Ресейдің Қазақстан арқылы ұшқышсыз ұшу аппараттарына арналған микрочиптер алып отырғаны туралы ақпарат тараған еді. 

Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстаннан Еуропаға жеткізілген фанераның шын мәнінде Ресей мен Беларусь аумағында өндірілгені анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Польша шекарашылары мен кеден-салық қызметі санкцияларды айналып өту схемасын ұйымдастырды деген күдікпен бес адамды ұстады. Олар Беларусь пен Ресейден фанера жеткізуге қатысты заңсыз тетік құрды деген күдікке ілініп отыр. Ұсталғандардың жасы 43 пен 64 аралығында, олардың төртеуі — Польша азаматтары, біреуі — Ресей азаматы.

ҚАЗАҚСТАН

Тергеу мәліметінше, күдіктілермен байланысы бар компаниялар фанераны Қазақстан арқылы Еуропаға импорттаған. Алайда өнімнің нақты шыққан елі Беларусь пен Ресей болып шыққан. Тергеу барысында санкцияларды айналып өтуге бағытталған схема әшкереленіп, күдіктілерге келісімшарттар мен импортталатын тауарлар туралы жалған ақпарат бергені, сондай-ақ нетарифтік шектеулерді бұзғаны үшін айып тағылды.

Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр, қосымша қамауға алу шаралары да жоққа шығарылмайды.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Ресейдің Қазақстан арқылы ұшқышсыз ұшу аппараттарына арналған микрочиптер алып отырғаны туралы ақпарат тараған еді. Санкцияларға қарамастан, Германияның кейбір компаниялары Астанадағы байланыстарын пайдалана отырып, Ресейге электроника жеткізуді жалғастырып отырғаны хабарланған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-15
Утром12.17 ℃
Днем21.83 ℃
Вечером17.79 ℃
Ночью14.52 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра9.02 м/с
2026-04-16
Утром6.11 ℃
Днем10.84 ℃
Вечером12.27 ℃
Ночью8.57 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.46 м/с