Биыл БҚО-ға қанша инвестиция тартылды?

Ұлттық статистика бюросының негізгі капиталға салынған инвестициялар жөніндегі деректеріне сүйенсек, 2025 жылдың қаңтар-қараша айларында Батыс Қазақстан облысына 748,3 млрд теңге (кумулятивті көрсеткіш) бағытталған.

фото: istockphoto.com

Қаңтар 28 850 282 теңге

Ақпан 66 902 568 теңге

Наурыз 104 799 316 теңге

Сәуір 148 127 317 теңге

Мамыр 193 470 544 теңге

Маусым 254 355 823 теңге

Шілде 320 164 812 теңге

Тамыз 393 412 212 теңге

Қыркүйек 483 157 356 теңге

Қазан 566 637 156 теңге

Қараша 748 291 991 теңге

Қаражаттың ішінен 387 млн теңге өндіріске, 284 млн теңге тау-кен саласына, ал 131 млн теңге көлік және жинақтауға жұмсалған.

Инвестиция көлемін бағалауда негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексіне (НКИ) мән беру керек. 2025 жылдың қаңтар-қарашасындағы көрсеткішті 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, БҚО-дағы НКИ 230,1%-ды құрады. Бұл өңірде нақты көлемнің 2,3 есе артқанын білдіреді.

2025 жылдың ақпанында өңірде инвестиция көлемі 14,4%-ға, ал наурызда 2,6%-ға төмендеген. Қаңтар-қыркүйек аралығында БҚО экономикасына құйылған қаражат алдынғы жылмен салыстырғанда 30%-ға азайған.

Инвестиция портфеліне ай сайын қосылған қаржыны есептесек, қарашадағы өсім ерекше көзге түседі. Қазаннан қарашаға бір айда шамамен 181,7 млрд теңге қосылған.

Инвестиция салатын кім?

Негізгі капиталға салынған инвестициялар – инвесторлардың құрылыс, реконструкция, экономика, әлеумет немесе экология салаларында жүзеге асыратын жобаларға инвестициялар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу секілді шығындарына жұмсалған қаражаты.

Қазір инвестиция көздеріне кәсіпорындар мен кәсіби ұйымдардың жеке қаражаты, мемлекеттік бюджет және банктер жатады.

Шетелдік капитал

2025 жылы облыс шетелдік инвесторларды тарту бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Қаңтар-қыркүйек айларында БҚО-ға инвестицияның 52,9%-ы шетелдіктерден келген. Салыстырмалы түрде, Алматы, Ақтөбе және Атырау облыстарында шетелдік инвестиция үлесі 20-25%-ды құрайды.

Биыл БҚО-да жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған үш нысанның құрылысы басталды. Станцияларды салуға шетелдік және отандық инвесторлар қаражат жұмсайды. Олардың қатарында «Green Spark Limited», «Green Energy Industrial Company Aktobe» және «Vigor Holding» бар.

Тамызда Қазақстандағы кеме шығаратын тұңғыш “Зенит” зауытының 85% акциясы түркиялық “AYDA” компаниясына сатылатыны анықталды. Жаңа инвестор зауыттың қызмет бағытын сақтауға және жұмыс орындарын қысқартпауға міндеттелді.

Қыркүйекте қытайлық инвесторлар облыста метанол өндіретін газ-химия кешенінің құрылысын бастады. Құрылыстың бас мердігері – «Сан Бао «Шыңжаң сауда-өнеркәсіп корпорациясы», ал инвестиция көлемі 75 млрд теңгені құрады. Зауыт Бәйтерек ауданының Белес ауылдық округінде салынады.

Сәуірде Иран инвесторлары Оралдағы былғары зауытының құрылысына 1 млрд теңге бөлді. Маусым мен қыркүйек аралығында «ПОШ Руно» былғары өңдеу зауытында өндірістік желілерді жөндеу, техникалық қызмет көрсету, қызметкерлерді оқыту және логистикалық жүйені жаңғырту жүзеге асқан.

2025 жылдың 11 айында БҚО-ның негізгі капиталына 748,3 млрд теңге инвестиция бағытталған. Алайда жыл басында НКИ бойынша төмен көрсеткіш пен қарашадағы жедел өсім өңірдегі инвестиция динамикасының ірі төлемдерге тәуелді, құбылмалы екенін аңғартады.

sarapshy.info

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-17
Утром-0.53 ℃
Днем0.99 ℃
Вечером1.45 ℃
Ночью1.31 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.9 м/с
2026-03-18
Утром0.77 ℃
Днем2.77 ℃
Вечером2.66 ℃
Ночью0.23 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.25 м/с