Биылдан бастап миллиондаған адамның жалақысы артады

Бұрынғы есеп бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) 225 теңге емес, 7145 теңге болушы еді. Сондықтан бұрын қолға 124855 теңге алсаңыз, қазір 131775 теңге алатын боласыз. 

Фото:freepik.com

Қазақстанда жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты миллиондаған азаматтың жалақысы артады. Себебі 2026 жылдан бастап жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу кезінде қолданылатын салық шегерімінің мөлшері айтарлықтай ұлғайтылды, деп хабарлайды baq.kz тілшісі.

Егер бұған дейін салық шегерімі 14 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) болса, 2026 жылдан бастап ол 30 АЕК-ке, яғни 129 750 теңгеге дейін өсті.

Салық шегерімі дегеніміз – бұл табыстың салық салынбайтын бөлігі. Яғни жеке табыс салығы осы сома шегерілгеннен кейін ғана есептеледі. Осы өзгерістің нәтижесінде ай сайынғы жалақысы 150 мың теңге және одан төмен азаматтар ЖТС төлеуден босатылады. Тиісінше, олардың қолына алатын жалақысы көбейеді.

Қалай есептеледі?

Мысал келтірейік: айталық, сіздің жалақыңыз салық салынғанға дейін 150 мың теңге делік. Енді жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу үшін осы 150 мың теңгеңізден 15 мың теңге болатын зейнетақы жарнасын (10%), 3 мың теңге (2%) болатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (2%) және жоғарыда айтылған 129 750 теңге мөлшеріндегі салық шегерімін алып тастау қажет. Нәтижесінде қалған 2225 теңге теңгеге 10% мөлшерінде, яғни 225 теңге болатын жеке табыс салығын (ЖТС) төлейсіз. 

Мәселен бұрынғы есеп бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) 225 теңге емес, 7145 теңге болушы еді. Сондықтан бұрын қолға 124855 теңге алсаңыз, қазір 131775 теңге алатын боласыз. 

Осы тұста егер жалақыңыз 150 мың теңгеден төмен болса, онда енді ЖТС мүлде төленбейтінін де айта кетейік. 

Осылайша биылдан бастап азаматтардың іс жүзінде қолына алатын таза жалақысы арта түседі. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-16
Утром0.57 ℃
Днем0.78 ℃
Вечером-0.01 ℃
Ночью1.41 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра12.32 м/с
2026-02-17
Утром1.43 ℃
Днем-0.04 ℃
Вечером-6.64 ℃
Ночью-10.75 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра10.53 м/с