БҚО-да газ іздеу жұмыстары басталды

Батыс Қазақстан облысында Каменское газ-конденсат учаскесінің көмірсутек әлеуетін бірлесіп бағалау жұмыстары басталды. Бұл туралы QazaqGaz бен Agip Caspian Sea B.V. компаниясы арасында өткен келіссөз нәтижесінде белгілі болды.

фото: freepik.com

Келісім аясында кен орнында геологиялық және геофизикалық жұмыстар кешені жүргізіліп, учаскенің ресурстық әлеуеті мен коммерциялық тиімділігін бағалау жоспарланған.

Каменское кен орны Каспий шөгінді алабының Солтүстік аймағында орналасқан. Қазір бұл елді-мекенде Қарашығанақ, Чинарев және Рожков зауыттары жұмыс істеп тұр.

Agip Caspian Sea B.V. — бұл итальяндық энергетикалық алып Eni компаниясының (ENI S.p.A.) еншілесі, қазір ол Каспий теңізі аймағындағы мұнай-газ саласында қызмет етеді.

13 қаңтарда өткен келіссөз барысында QazaqGaz басқарма төрағасы Әлібек Жамауов пен Agip Caspian Sea B.V. директорлар кеңесінің төрағасы Сегер Хойтинк бірлескен жұмыс туралы құжатқа қол қойды. Тараптар жер қойнауын геологиялық тұрғыдан зерттеу арқылы жобаның инвестициялық тартымдылығын және көмірсутек қорларының бар-жоғын анықтауды көздеп отыр.

Бұған дейін QazaqGaz БҚО-ның Казталов, Бөкей Орда және Жаңғала аудандары аумағындағы Саралжын учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді бастайтынын хабарлаған еді. Айта кетейік, Қазақстанда аз зерттелген аумақтарда көмірсутек қорларын барлауға 1 млрд доллар көлемінде инвестиция құю жоспарланған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-16
Утром0.57 ℃
Днем0.78 ℃
Вечером0.1 ℃
Ночью1.05 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра12.32 м/с
2026-02-17
Утром1.43 ℃
Днем-0.04 ℃
Вечером-6.64 ℃
Ночью-10.75 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра10.53 м/с