Оралда көлік қаққан ер адам көз жұмды
Қазіргі уақытта болған жағдайдың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

15 қаңтарда Орал қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Қайғылы оқиға шамамен сағат 09:23-те Құрманғазы көшесінде, «Школьник» сауда үйінің қарсы бетінде болған. Toyota Camry маркалы автокөліктің жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Қазір апатқа қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
