Оралда жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі анықталды

Тексеру барысында аталған автокөлікке қатысты 47 төленбеген айыппұл бары белгілі болды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 1 млн 157 мың 972 теңгеге жеткен. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған көлік Қазақстан Республикасында тіркелгеніне қарамастан, Ресей Федерациясының мемлекеттік нөмір белгісімен жүрген.

Тексеру барысында аталған автокөлікке қатысты 47 төленбеген айыппұл бары белгілі болды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 1 млн 157 мың 972 теңгеге жеткен. 

-Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершіліктен жалтару мақсатында шетелдік мемлекеттік нөмір белгілерін пайдаланған. Аталған дерек бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Бұл дерек жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілер тарапынан жасалатын өрескел құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында енгізілген «Қорғау» автоматтандырылған жүйесінің көмегімен тіркелді, — деп хабарлады ведомстводан.

Департамент деректеріне сәйкес 8-10 қаңтар аралығында республика көлемінде өткізілген «Жалған нөмір» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Батыс Қазақстан облысында барлығы 484 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Соның ішінде 32-сі көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарғаны үшін жауапқа тартылды. Екеуі автокөлікті жалған немесе қолдан жасалған нөмірмен жүргізген. 15-і рульге мас күйінде отырған.

Барлығы 33 автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-10
Утром-14.62 ℃
Днем-14.98 ℃
Вечером-13.01 ℃
Ночью-18.48 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.17 м/с
2026-02-11
Утром-23.83 ℃
Днем-15.06 ℃
Вечером-20.06 ℃
Ночью-21.96 ℃
Влажность90 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра3.15 м/с