«Қаржыны жымқырды деп үстімнен іс қозғалды»: Елжан Біртанов денсаулыққа арналған платформаның әлі күнге іске қосылмағанын сынады

Бұл ірі жобалар, суперкомпьютерлер немесе ядролық реакторлар сияқты үлкен нарық. Оны әр ел өз бетінше жасай алмайды. 

Фото: БАҚ

Желіде COVID-19 пандемиясы кезінде қаржы жымқырды деп айыпталған Елжан Біртанов сол кезде жасалған электронды платформа дайын болса да әлі іске қосылмағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Экс Денсаулық сақтау министрі өзіне айып тағылғанын алға тартты.

“COVID-19 пандемиясы кезінде, өздеріңіз білетіндей, маған және менің орынбасарыма қарсы денсаулық сақтау саласына арналған электрондық платформаны жасауға бөлінген қаржыны жымқырды деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.

Кейін сот барынша ашық өтті. Куәгерлердің барлық сөздерін тыңдасақ – техникалық мамандардан бастап сол кездегі министр Цойға дейін – барлығы платформаның іс жүзінде дайын болғанын растаған. Жобаны әзірлеген шведтік Ericsson компаниясының ресми ұстанымы да айқын болды. Олар барлық жұмысты орындап, жүйені Қазақстан мүддесі үшін іске қосуға дайын еді. Алайда бұл ұсыныс ескерусіз қалды. Платформа сол қалпында қалды”, – деді ол. 

Біртановтың айтуынша, кейінгі министрлер – тек денсаулық сақтау саласында ғана емес, цифрлық даму саласында да, сондай-ақ вице-премьерлер, оның ішінде Тоғжанов пен Дүйсенова да платформаның жақын арада іске қосылатынын мәлімдеген.

ашық дереккөзден

“Біз сотқа да, үкіметке де жүгіндік, платформаның іске қосылмауы бүкіл ел халқына зиян келтіріп отырғанын түсіндірдік. Оның салдары қазірдің өзінде апатты. Бірақ ешкім мәселені мойындағысы келмейді. Мен ең болмағанда осы платформаның баламасын жасауға болады деп ойладым. Өйткені егер платформа болмаса, әртүрлі компаниялар жасаған, түрлі бағдарламалау тілдері мен стандарттары бар жүйелерді біріктіру мүмкін емес. Мұндай мәселе қаржы саласында да, медицинада да тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде бар. Басқа елдерде бұл деректерді бөлісу және жүйелерді біріктіру үшін арнайы платформаларды қолданады.

Бұл ірі жобалар, суперкомпьютерлер немесе ядролық реакторлар сияқты үлкен нарық. Оны әр ел өз бетінше жасай алмайды. Ал біздің ескі платформаны іске қосып, артық шығынсыз пайдалануға болар еді. Ол Oracle жүйесінде жасалған және интероперабельдік платформалар бойынша әлемдік көшбасшы. Келісімшарт та, лицензия да мерзімсіз. Тек Ericsson немесе басқа компанияны шақырып, жұмысты жалғастыру жеткілікті”, – деп қосты ол. 

Біртанов бұл жаңа платформаны нөлден жасағаннан әлдеқайда тез әрі арзан болатынын жеткізді.

“Қазір Денсаулық сақтау министрлігі тағы да жаңа шешім ұсынуға уәде беріп отыр. Бұған дейін ондай 150 нұсқа қарастырылған. Бірақ бес жыл бойы бір орында тұрып, тек сөзбен шектелдік. Ал ескі платформаны пайдалансақ, ол қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрар еді. Міне, жағдай осындай”, – деп қорытты ол.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-16
Утром0.57 ℃
Днем0.78 ℃
Вечером-0.01 ℃
Ночью1.41 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра12.32 м/с
2026-02-17
Утром1.43 ℃
Днем-0.04 ℃
Вечером-6.64 ℃
Ночью-10.75 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра10.53 м/с