БҚО-да көктайғақтан жарақат алғандар саны күрт көбейген

Дәрігерлердің айтуынша, көп жағдайда адамдар мұзда тайып, аяқ-қолын сындырып немесе буындарын шығарып алып жатыр. 

«ОА» мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысында желтоқсан айынан бері 863 адам көктайғақ кезінде құлап, зардап шеккен.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, науқастардың аяқ-қолының жұмсақ тіндері соғылған. Аяқ-қолдары сынған, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған.

Басқарма мәліметіне қарағанда, соның ішінде 356-сы ауруханаға жатқызылды. Амбулаторлық ем алған науқастарға түрлі медициналық көмектер ( гипс салу, сынықтардың жабық репозициясы, жараларды өңдеу) көрсетілді.

2024-2025 жылғы қысқы мезгілде 1 766 адам көктайғақтан жарақат алған еді. Көктайғақ кезінде оқыс жағдайға тап болмау үшін табаны таймайтын аяқкиім киіп, абайлап жүру, қолды қалтаға салмау керек. Қажет болса, мұзға қарсы жапсырма қолданған жөн. Көктайғақ күндері, әсіресе, жасы ұлғайған адамдар үшін сыртқа шықпау да маңызды, — деп хабарлады ведомстводан.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-16
Утром0.57 ℃
Днем0.78 ℃
Вечером0.1 ℃
Ночью1.05 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра12.32 м/с
2026-02-17
Утром1.43 ℃
Днем-0.04 ℃
Вечером-6.64 ℃
Ночью-10.75 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра10.53 м/с