Бағдаршамды елемегендерге қайтадан емтихан міндеттелді

Егер жүргізуші белгіленген мерзімде емтихан тапсырмаса, сот шешімімен куәлік күшін жояды.

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде (ҚР ӘҚБтК) бес түрлі жол қозғалысы ережесін бұзған жағдайда жүргізушілерге қайтадан теориялық емтихан тапсыру міндеттелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл бұзушылықтар бірден жүргізуші куәлігінен айыруға әкелмейді, алайда екі ай ішінде теориялық емтиханды қайта тапсыру қажет. Егер жүргізуші белгіленген мерзімде емтихан тапсырмаса, сот шешімімен куәлік күшін жояды. Құжатты қайтару үшін теориялық және практикалық емтиханды қайта тапсыруға тура келеді.

БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТІЗІМІ

600-БАП, 2-БӨЛІК
Жыл ішінде қайталанған жағдайда: жаяу жүргіншілерге немесе басқа жол қозғалысына қатысушыларға (арнайы көліктерден басқа) жол бермеу.
Жаза: 15 айлық есептік көрсеткіш.

594-БАП, 4-БӨЛІК
Жыл ішінде қайталанған жағдайда: жол қиылысына немесе жолдың қиылысқан бөлігіне кептеліс кезінде кіріп, көлденең бағыттағы көліктердің қозғалысына кедергі келтіру.
Жаза: 7 айлық есептік көрсеткіш (30 275 теңге).

596-БАП, 4-БӨЛІК
Жыл ішінде қайталанған жағдайда: жаяу жүргіншілер жолымен, тротуармен немесе жол жиегімен жүру; көлікті жолда дұрыс орналастырмау; қарсы қозғалыс немесе маневр ережесін бұзу; ұйымдастырылған көлік немесе жаяу колоннаны кесіп өту немесе оның құрамына заңсыз қосылу.
Жаза: 13 айлық есептік көрсеткіш.

598-БАП, 2-БӨЛІК
Жыл ішінде қайталанған жағдайда: арнайы жарық және дыбыс сигналдарын қосқан арнайы көліктерге жол бермеу.
Жаза: 40 айлық есептік көрсеткіш немесе 20 сағат қоғамдық жұмыс.

599-БАП, 2-БӨЛІК
Жыл ішінде қайталанған жағдайда: бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өту.
Жаза: 15 айлық есептік көрсеткіш.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-16
Утром0.57 ℃
Днем0.78 ℃
Вечером-0.01 ℃
Ночью1.41 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра12.32 м/с
2026-02-17
Утром1.43 ℃
Днем-0.04 ℃
Вечером-6.64 ℃
Ночью-10.75 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра10.53 м/с