БҚО-да балағат сөз айтқан әкімдіктің аппарат басшысы қатаң сөгіс алды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі БҚО бойынша әдеп кеңесінің отырысында Жаңақала ауданы әкімінің аппарат басшысы Ақан Қапановтың тәртіптік ісі қаралды.

ашық дереккөзден

Кеңес отырысында мәлім болғанындай, А.Қапанов аудандық мәслихат төрағасымен кикілжіңге келген. Содан кейін жаға жармасу барысында оған балағат сөз айтқан.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мәселені талқылай келіп, басым дауыспен аппарат басшысына қатаң сөгіс беру туралы ұйғарымға келді.

-Әдеп нормалары – мемлекеттік қызметтің басты тірегі. Мемлекеттік қызметші өзінің әр ісінде әділдік, ашықтық және жауапкершілік қағидатын ұстанғанда ғана халық сенімі артады. Ал аталған қызметші әдеп нормаларына қайшы келетін әрекеттер жасаған. Сондықтан қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданды, — деді департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұрат Байсалов.

Сонымен қатар кеңес отырысында 2025 жылдың қорытындысымен құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу деректері бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілерге қатысты әдеп жөніндегі уәкілдер жүргізген талдау нәтижелеріне назар аударылды.

inform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-09
Утром0.88 ℃
Днем13.57 ℃
Вечером11.13 ℃
Ночью8.84 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра2.47 м/с
2026-10-10
Утром6.6 ℃
Днем17.38 ℃
Вечером15.94 ℃
Ночью13.6 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.32 м/с