БҚО-да интимдік материалдарды заңсыз таратқан күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің аудандық полиция бөлімдерінің бірінде қылмыстық іс қозғалды.

БҚО-да интимдік материалдарды заңсыз таратқан күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабының 4-бөлігіне сәйкес, жеке адамның жеке өміріне қатысты, оның жеке құпиясын құрайтын мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз тарату қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады және белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

Аталған бап бойынша Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің аудандық полиция бөлімдерінің бірінде қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол — жәбірленушінің бұрынғы жұбайы, ол WhatsApp мессенджері арқылы өзінің бұрынғы әйелінің интимдік фотоматериалдарын оның келісімінсіз заңсыз таратқан.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында күдікті өз кінәсін мойындап, айғақтар берді.

Тергеу әрекеттері барысында қылмыстық құқық бұзушылықты жасау құралы ретінде пайдаланылған ұялы телефон тәркіленді.

Ақпарат көзі: polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-06
Утром-1.35 ℃
Днем13.46 ℃
Вечером12.73 ℃
Ночью9.96 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.49 м/с
2026-10-07
Утром10.81 ℃
Днем16.82 ℃
Вечером16.11 ℃
Ночью13.75 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.75 м/с