БҚО-да жыл басынан бері 60 жол-көлік оқиғасы тіркелген

Батыс Қазақстан облысында 2026 жыл басталғалы жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам қаза тауып, 100 адам түрлі жарақат алған.

Фото: ТЖД

БҚО полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрбол Меңдіхановтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, бұл алдыңғы жылғыдан (1 196) 5 пайыз артық.

Нұрбол Исатайұлының сөзіне қарағанда, осы жол апаттары салдарынан жарақат алғандар саны 13 пайызға (1 760-тан 1 980-ге дейін) өсті.

— Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері — жол қозғалысына қатысушылардың тәртіп деңгейінің төмендігі, инфрақұрылымның тозуы және автокөлік парктерінің көбеюі. Осыған байланысты жол қозғалысына бақылау күшейтіліп, апат деңгейі жоғары учаскелер бақылауға алынды. Жол қозғалысын бақылаудың автоматтандырылған кешендерінің желісі кеңейтіліп, жолдардың күтіп-ұсталуы қатаң қадағалануда, — деді Н.Меңдіханов.

Оның айтуынша, жол қозғалысы ережелерін бұзу көрсеткіші де 2 пайыз (251 638-ден 256 230-ға дейін) артты. Мас күйінде көлік айдаған 1 546 жүргізуші ұсталды.

Апаттылық деңгейі мен тәулік уақытына байланысты қозғалыс қарқындылығын ескере отырып, 20 «Кибер-Шериф» мобильді кешені күн сайын қайта орналастырылып жатыр. Оған қоса 2025 жылы жаңадан 10 мобильді жүйе сатып алынды, оның ішінде 5 «Ekin Patrol» және жасырын бақылау жүргізу үшін 5 «X Spotter» кешені бар, олардың біреуі қалалық қоғамдық көлік бағытына орнатылған (барлығы — 125 автоматтандырылған фотофиксация жүйесі).

Департамент мәліметіне қарағанда, қабылданған шаралардың нәтижесінде 2025 жылы жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны 21 пайызға азайды (103-тен 81-ге дейін), оның ішінде балалар өлімі 38 пайыз төмендеді (13-тен 8-ге дейін). Биылғы жыл басынан бері облыс аумағында 60 жол-көлік оқиғасы (өткен жылы осы мерзімде — 64) тіркеліп, салдарынан 4 адам қаза тауып, 100 адам түрлі жарақат алды.

— Биыл жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен «2024–2028 жылдарға арналған қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын» жүзеге асыру аясында жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін қосымша 17 мобильді және 50 стационарлық автоматтандырылған жүйе сатып алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп 2026–2028 жылдарға арналған жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру жөніндегі «Жол картасы» әзірленді, — деп қосты Н.Меңдіханов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-06
Утром-1.35 ℃
Днем13.46 ℃
Вечером12.73 ℃
Ночью9.96 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.49 м/с
2026-10-07
Утром10.81 ℃
Днем16.82 ℃
Вечером16.11 ℃
Ночью13.75 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.75 м/с